«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Білім

Ғылымның дамуы адам өмірінің маңызы

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

Қазіргі заманда ғылымсыз адам өмірін елестету мүмкін емес. Себебі, күнделікті өмірде қолданып жатқан тұрмыстық техника, смартфондар, дәрі-дәрмектер және интернет ғылымның жетістігі. Ғылым тек қана адам өмірін жеңілдетіп қана қоймай, оның ұзақтығы мен сапасында арттыруға ықпал етуде.

Біріншіден, медицина саласында ғылымның үлесі өте зор. Вакциналардың арқасында көптеген қауіпті аурулар азайды және дәрі-дәрмектерді жетілдірді. Осының арқасында медициналық технологиялар адамның өмір сүру ұзақтығын арттырды. Сонымен қатар, жасанды интеллект те бұл салаға өз үлесін қосуда. Медицинадағы ғылыми жаңалықтар миллиондаған адамның өмірін сақтап қалды. Мысалы, вакциналардың арқасында шешек сияқты қауіпті аурулар жойылып, балалар өлімі айтарлықтай азайды және әлем бойынша орташа өмір сүру ұзақтығы 2000 жылғы 67 жастан 2019 жылы 73 жасқа дейін өсті.

Ғылым мен технологияның дамуы білімді қолжетімді етті. Бүгінде интернет арқылы әлемнің кез келген университетінің дәрістерін тыңдап, жаңа дағдыларды үйренуге болады. Бұл өз кезегінде уақытты үнемдеп, білімді қолжетімдірек етті. COVID-19 кезінде қашықтықтан білім алу айтарлықтай өз пайдасын тигізді. ЮНЕСКО-ның дерегі бойынша, онлайн платформалар пандемия кезігде 1,5 миллиардтан астам оқушыға оқуын жалғастыруға мүмкіндік берді.

Үшіншіден, күнделікті өмірде ғылыми технологиялар адам өмірін жеңілдетті. Тұрмыстық техникалар адамның еңбегін жеңілдетіп, көп адамдар бұл уақытта өздеріне пайдалы іспен айналысады. Көліктер мен логистикадағы жаңалықтар уақытты үнемдесе, ұялы телефон арқылы әлемнің түрлі жерлерінен байланысқа шығу өте оңай. Осының арқасында, ата-аналар балаларын шет елдерге білім алмасуға қорықпай жібере алады.

Экология саласындағы ғылыми зерттеулер табиғатты қорғауға мүмкіндік беруде. Күн және жел энергиясын пайдалану көмірқышқыл газының бөлінуін азайтып, қоршаған ортаны сақтауға ықпал етеді. Сонымен қатар, қалдықтарды қайта өңдеу технологиялары табиғатқа түсетін жүктемені азайтып, ресурстарды тиімді пайдалануға жол ашады. Ғалымдар климаттың өзгеру себептерін зерттеп, оның зиянды әсерін төмендетудің жаңа тәсілдерін ұсынуда. Сондықтан ғылым экологиялық мәселелерді шешудің маңызды құралына айналып, болашақ ұрпақ үшін таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға үлес қосып келеді.

Қорыта айтқанда, ғылым адам өмірінің барлық саласына оң әсерін тигізіп келеді. Ол денсаулықты сақтауға, білімді қолжетімді етуге, байланысты жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі. Сондықтан ғылымды дамыту – қоғамның болашағына инвестиция салу деген сөз.

Назым  ДҮЙСЕНБЕК

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы,

«Темірлан» жалпы білім беретін мектебінің

11-сынып оқушысы.

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі

Пайдаланылған дереккөз:

World Health Organization, UNESCO,

United Nations Environment Programme

Сәйкес жаңалықтар

Ақын жанын жабырқатқан жайлар

Қазақстандық журналистиканың қалыптасу құпияларын ашатын «Медиаменеджер» кітабы таныстырылды

Почему я выбрал докторантуру КазНУ для своего исследования