Үздік журналистер марапатталды

Маусым айының 28- і қазақстандық журналистердің төл мерекесі. Биылғы мерекеде БАҚ саласында жемісті еңбек етіп жүрген әріптестеріміздің еңбегінің бағаланғанының куәсіміз. Араға жылдар салып, журналистердің әлеуметтік мәселесі шешіліп, бір топ мемлекеттік телеарналардың тілшілеріне пәтер кілті табысталды.

Мемлекет басшысының арнайы сыйлығына ие болған журналистерге шығврмашылық табыс тілейміз..

Алматыда Қазақстан журналистер одағы ұйымдастырған БАҚ өкілдері арасынан үздіктер арнайы сыйлықтарға ие болды.

Марапаттау Ұлттық Баспасөз орталығында өтті.

Арнайы сыйлықтардың ішінде биыл, 18- рет табысталған белгілі фототілші, марқұм Рақымбай Ханалы атындағы сыйлық өз иесін тапты. Фотожурналистиканы дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін EL.kz ақпараттық агентігінің фототілшісі Даурен Мақсұтханұлына Рақымбай Ханалы атындағы жүлде мен  Журналистер одағының Құрмет грамотасын тарих ғылымының докторы,  профессор, ҚР Саясаттану ғылым академиясының академигі  Қозыбаев Сағымбай Қабашұлы табыстады.

Р.Ханалы атындағы сыйлықты қалыптастырып, жылда жалғасын табуына қолдау көрсетіп келе жатқан, ең алдымен отбасы, балалары мен жары Априза Айтбайқызы.

—Біздің ұсынысымызды қолдап, жылда бір жас фототілшінің кәсіби деңгейде қанаттануына қолдау білдіріп, танылуына мүмкіндік жасап отырған Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы Сейітқазы Матаевқа отбасымның атынан шынайы алғыс білдіремін, — деп Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, қадірлі ана, ардақты әже А.Айтпаева марапаттауға арнайы келгенін айтып, лауреаттарды құттықтады.

Ж.Кучукова

 

 

 

 

Асылхан Әбдірайымұлы – фотожурналист, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Қазақ фотографиясының дамуына үлес қосып жүрген тұлғалардың бірі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –і журналистика факультетінің оқытушысы.