Ақын Ақберен Елгезектің « Болмаған балалық шақ»

  атты кітабын оқығаннан кейінгі ой

«Кітап аяулы досы бола бастаған шақ

былай ғана әрбір жан өзін интеллигент

бола бастадым деп санауына болады».

Мұхтар Әуезов

     Кітап – білімнің бұлағы. Кітап оқыған адамның көкжиегі кеңейіп, ойлауы дамиды. Менің өзім кітап оқуға соңғы бір жылда қызықтым. Біраз кітап оқыдым, әрқайсысы әртүрлі ой салды, білім берді, мені өзгертті. Маған ерекше әсер еткен, менің көзқарасымды өзгерткен кітапты туралы айтып, сіздерге бөліскім келеді.

Кітаптағы басты кейіпкердің өмірі қиын да әрі қызық өткен. Балалық шақ біреу үшін қызық, ал біреу үшін қиын өтері өмірдің заңдылығы. Бала болғаны рас, бірақ балалық шағы басқа балалармен салыстырғанда керемет болған жоқ. Міне, осы балалықты баяндайтын кітаптардың бірі — Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» кітабы. Кітаптты оқығанда, мені балаларға қамқор, жанашыр болуды үйретті. Кітаптың кейіпкерінің бес жасында әкесі қайтыс болып, шешесі басқа біреуге тұрмысқа шығып кетеді. Содан бастап баланың көңілсіз күндердің тізбегі еш толастаған емес. Ол өзін өімірден оқшауланып қалғандай сезінеді. Ешкімге керегі жоқтай күй кешеді. Жандүниесін жалғыздық жайлайды. Жалғыздық  деген дерттен арылу ол үшін қиын еді. Бір күні бір күнінен аумай өтіп жатты.

Жалғызсырағанның көкесін көрген екі бала болса, оның бірі Ақберен еді. Жалғыз болса — тағы сол. Бала ата – анадан, туған — туыстан көрмеген жақсылық, жылылықты табиғаттан көреді. Тал – терек, әке — шешесі, шөп – шеңгел бауыр — туысы, жусан мен алша аға — апалары сияқты еді. Бала қанша қорлық көрсе де қайтпай, қайсарлық танытушы еді. Бес жастан, он жеті жасқа дейінгі өмірі осылай қиын өткен.

Жастайынан ата — анасынан, жақындарынан айырылып, жетім болып жатқандар қаншама?.. Соларды бір қарайықшы. Ойымызды өзгертейікші балаға деген. Жылулық пен мейірімділікті бөлу қажетпіз.

Әрбір ата-ана, аға — тәте, үлкен — кішісі бар осы кітапты оқуға кеңес беремін. Абай атамыз өз заманында:

—Артық білім кітапта,

Ерінбей оқып көруге, — деп бар байлық, рухани азық, тәрбие мен даналық кітапта екенін айтып кеткен. Дананың айтқан өсиеті бүгінгі әр баланың жадынан кетпейтін ғибрат болуы қажет.

Баланы бауырларына басып отырған әрбір ата-ана және аға-апалар балаларға мейірім шуағын төгуден жалықпаңыздаршы! «Болмаған балалық шақ» кітабын оқып шыққан соң, түйгенім. Әр отбасында ата – ана ұл – қыздарына барынша жүрек жылуына бөлеп, мейірімін төгіп, бақытқа кенелтіп келеді. Еліміздегі, әлемдегі балалар бақытты болсын!

Суретте: Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында қойылған  «Әпке» спектаклінде кейіпкерлерді ойнаған актерлер – Нұрсерік Кеңесбаев, Ернар Амандық.

 

Диас САТЫБАЛДЫ

  Абай атындағы РММИ, Алматы қаласы

                                         11 сынып оқушысы.

М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының

әртісі Асан Мәжит, «Қара» спектаклінен кейін.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *