Қазірде жастар өте өнерлі. Әлеуметтік желілерде белсенді кавер орындайтын жастарымыз да өте көп. Алайда кей жастарымыз сахнаға шығып, өнер көрсетуге дағдыланбаған. Әрі мүмкіндіктер де көп жоқ.

Бірақ әр өнерлі жан өзін сақнадан көргісі келетіні сөзсіз. Және соңғы бір жылда бұл мүмкіндікті ұсына алған Атырау қаласының Kilen HUB” — тобы болды.

—«Kilen Hub» шығармашылық бірлестігінің мақсаты жергілікті жас әртістердің өзінің музыкасын дамытуға және көпшілікке танылуына көмектесу, сол арқылы қаламыздың талантты жастарына және өнердің дамуына қолайлы орта жасау,- дейді бірлестіктің белсендісі Нұрсұлтан Зиядаев.

Жалпы бұл “Kilen HUB” тобы өз әндерін, туындыларын шығаратын кәсіби топ. Қала тұрғындарына арнап  түрлі концерттер өткізеді.

      Ал  осы жолы cover орындайтын музыканттарға арнайы сахнаға шығаруға мүмкіндік жасады. Шынымды айтсам, шығармашылық кешке талантты жастарға хабарландыру жасаған да оқып қатты таң қалдым, қуандым. Себебі бұған дейін бұндай “шығармашылық кеш” қаламызда ұйымдастырылмаған

еді. Бүгінде бұл шығармашылық кешті 2022 жылмен бастап санағанда 5 -маусымы өтті. Өнерлі жастарымыз сахна мәдениетін сезініп, керемет әсер ала алды. Әр маусым сайын, адам саны көбейді. Тіпті ересек жандардың өзі де қызыға тамашалауға келген еді. Ең қызығы  барлық қатысушылар кеште өнер көрсетті. Өнер кешіне  өз әндерін шығарып жүрген талантты жұлдыздарымыз да сахнада ән шырқады. Қала тұрғындары өз сүйікті әншілерінің орындауындағы  әсем әндерді тыңдап, бір сергіп қалды.

     Алғашқы маусым әлі көз алдымда. Қайталанбастай сезім болды десем де болады. Әр талантты жастың сахнада өнерін тамашалау үшін аспан астындағы ашық алаңға лық толы адамдардың көңіл-күйі, кейбір әндерді әншілермен қосыла орындағаны …ол мүлде бөлек сезім…

Өнер әрқашан адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды. Егер жастар арасында бұндай мүмкіндік, бұндай шығармашылық кештер жиі өткізіліп, жүрегінде өнерге деген оты бар жастардың өнерге деген қызығушылығы артып, шығармашылық дамуын дұрыс таңдай алады деп ойлаймын.  Олардың рухани мәдениетімізге деген жанашырлылығы пайда болады.

Атырау жастарына осындай мүмкіндікті сыйлай алған KILEN HUB — қа алғысымыз шексіз!!!

       Өнер өлмейді, өнер мәңгілік!!!

БИСЕМБАЕВА  Гульнасип,                                                       

Атырау қаласының №10 Сабит Мұқанов

атындағы мектептің 11 сынып оқушысы

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *