«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Білім

«Журналист – өмір тамыршысы»

       «Сонда не іздейді ол. Қандай асылдың соңына түсіп шаршауда? Қара бастың қамы, қоңыр төбел дүние жазып, қаламақы алсам деген шолақ ниет пе?! Жоқ, онда ол шын журналист емес, онда ол қиын сапарға да бармайды. Нағыз журналист адамдардың бойындағы асылды іздеуші, өмір тарихын зерттеуші, бүгінгі ұлы заманның шежіресін жазушы. Өмір жаңалығын алғаш қағаз бетіне түсіретін де сол. Өмірге деген, ондағы асыл адамдарға, ол адамдардың жасампаз ісіне деген ғашықтық оны алыс сапарға сүйрейді. Түн ұйқысын төрт бөліп, көз майын тауысып көп отырғызады».

Кәкімжан  Қазыбаев,

жазушы, мемлекет қайраткері.

Журнал мен желілік басылым оқырмандары арасында журналист мамандығын таңдап, талпынып келе жатқан түлектердің барына қуанамыз. Ізденіп, талаптанып, редакциядан тапсырма алып орындауға тырысқан жас өренді көргенде, еріксіз шығармашылығына қанат байлауына қолқанат болуға ұмтыламыз.

Солардың қатарында атыраулық  Гульнасип  туралы ерекше айтуға болады. Еңбекқор, таңдаған тақырыптары заманауи жастарға арналған.

Жақында Г.Бисембаеваға редакцияның жолдаған жас тілші куәлігі тапсыру мектепте өтті. Мектеп директоры Бердигалиев Руслан Наурызбайұлы, мамандықтар ішіндегі журналистика туралы қысқаша атап айтып, әділдіктің ақ туы аталған мамандықты таңдаған Гульнасипке сәттілік тіледі. Санаулы күндерден соң білім ұясынан түлеп ұшып, өмірге қадам басатын түлектерге алдында тұрған үлкен сын ҰБТ сұрінбей өтуіне тілектестік тілегін арнады.

Жас тілшіміз Гульнасиптің  арманы орындалсын дейміз!

 

    Суретте: Мектеп директорының орынбасары- Айкүміс Тұрарбекова, ұстаздар – Есенова Сауле Төлегенқызы мен Мустажапова Айымгүл

 

                                               

           

 

 

 

(Өз тілшімізден).

      

 

Сәйкес жаңалықтар

Психикалық ауру 2,7 есе артқан

farabi shakirti shakirti

Қазақ ғалымы әлемде тұңғыш рет радиацияға қарсы дәріні жасады

farabi shakirti shakirti

Educational grant to the University of Hong Kong

farabi shakirti shakirti