«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Технология

Егіс алқабын бүркіп суаратын автоматтандырылған құрылғы ойлап тапты

Қостанай қаласы физика-математика лицейінің оқушылары егіс алқабын бүркіп суаратын Komilekc деп аталатын жоба ойлап тапты.

11 сынып оқушылары Сергей Трефилов пен Александр Цюпайдың айтуынша, бұл механизм далалық құрылғылардың тиімділігін бірнеше есе арттыруға көмектеседі.

«Интеллектуалды жүйе мұнай негізіндегі отынның орнына электр қуатын пайдаланады. Қазіргі заманғы GPS жүйелері, қауіпсіз препараттар, сондай-ақ ақылды маршрутты есептеу мен сұйықтық шығынының алгоритмдері артады. Жоба аясында егіс алқабына шығып көптеген сынақтар өткізген болатынбыз, барлығы да бұл жобаның тиімділігін дәлелдеді», — дейді қостанайлық оқушылар.

Сергей Трефилов пен Александр Цюпай бала кезден информатика, модельдеу және робототехникаға әуес және осы салада өздерін шыңдап жүр. Олар Халықаралық цифрлық форум көрмесіне қатысып, республикалық әлеуметтік жобалар конкурсының жүлдегері атанды.

                                                 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтынан.

 

 

Сәйкес жаңалықтар

«Цифрлық трансформация және оның қоғамға әсері»

Сапарбаев бастаған бір топ Үкімет мүшелері Түркістан облысына келді

admin_farabi

Ғарыш технологияларына бағытталған мектеп құрылысы басталды

admin_farabi