Сурет: ЖИ, жолдаған автор
Қазіргі таңда әлем мемлекеттерінің арасындағы қарым-қатынас бұрынғыдан да қарқынды дамып келеді. Жаһандану дәуірінде елдер арасындағы байланысты тек саясаткерлер мен кәсіби дипломаттардың қызметімен шектелмейді. Бұл үдеріске еліміздің жастары да белсенді түрде араласуда. Осы орайда “жастар дипломатиясы” ұғымының маңызы артып келеді.
Жастар дипломатиясы — әртүрлі елдер арасындағы жастардың достығын, ынтымақтастығын және өзара түсіністікті дамытуға бағыттылған қызмет. Ол халықаралық форумдар, білім беру бағдарламалары, мәдени алмасулар, еріктілік жобалары және жастар ұйымдары арқылы жүзеге асады. Мұндай бастамалар жастардың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, мемлекеттер арасындағы байланысты нығайта түседі.
Бүгінде қазақстандық жастар халықаралық жобаларға жиі қатысып жүр. Олар шетелдік оқу орындарында білім алып, түрлі конференциялар мен форумдарда еліміздің атынан сөз сөйлейді. Осындай кездесулер барысында жас ұрпақ көп тәжірибе алмасып, өз мәдениетін таныстырады. Бұл Қазақстанның халықаралық беделін арттыруға септігін тигізеді.
Жастар дипломатиясының басты артықщылықтарының бірі — халықтар арасындағы достықты нығайтуы. Әртүрлі мәдениет және ұлт өкілдерібір-бірімен жақын танысқан сайын олардың арасында түсіністік пайда болады. Ал түсіністік бар жерде бейбітшілік пен тұрақтылық қаланады. Сондықтан жастар дипломатиясы әлемдегі татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың маңызды құралы.
Сонымен қатар, жастар дипломатиясы жас буынның бойындағы бірқатар жақсы қасиеттерді қалыптастырады. Атап айтқанда көшбасшылық қабілеті дамиды. Халықаралық ортада жұмыс істеген жастар жауапкершілікке, ашық ойлауға, өз ойын еркін айтуға және тиімді қарым-қатынас жасауға үйренеді. Бұл қасиеттер олардың болашақтың ел дамуына үлес қосатын білікті маман болып қалыптасуына көмектеседі.
Жастар дипломатиясы — мемлекеттер арасындағы достықты нығайтып, бейбіт болашақ құруға бағытталған маңызды сала. Бүгінгі жастар халықаралық ынтымақтастықтың белсенді қатысушысына айналса, ертеңгі күні әлем арасындағы өзара сенім арта түседі. Сондықтан жастар дипломатиясын дамыту — болашаққа жасалған маңызды қадам.
Назым ДҮЙСЕНБЕК,
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы,
«Темірлан» жалпы білім беретін мектебінің
11-сынып оқушысы.
Республикалық «Farabi shakirti» журналы
мен www.farabishakirti.kz желілік басылым
сайтының Жас тілшісі
