«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Ғибрат

Кітап оқу мәдениеті неге төмендеп барады?

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

Бүінгі таңда әлеуметтік желі күннен күнге қарқынды дамуда. Жастардың қызығушылығы да заманына сай ауысуда. Осы орайда кітап оқу мәдениетінің төмендеуіне әлеуметтік желілердің кең таралуы өзінің теріс әсерін беруде. Себебі, қысқа форматтағы контенттер, уақыт тапшылығы және кітапқа деген қызығушылық қалыптаспауы жас буынның оқуға деген құлшынышын сөндіруде.

Қазіргі жастар өздерінің бос уақытын Tik Tok, Instagram және YouTube платформаларында өткізеді. Себебі қысқа видеолар адамның назарын өзіне бірден аудартады. Бұл өз кезегінде зумерлердің ұзақ мәтінді оқу қабілетін әлсіретеді. АҚШ-та жүргізілген зерттеу бойынша 13 жастағы оқушылардың тек 14 пайызы ғана күн сайын өз еркімен кітап оқиды екен. 2012 жылы бұл көрсеткіш 27 пайызы болған. Яғни, әлеуметтік желі жастардың кітапқа қызығушылығын төмендетеді.

Кей мамандардың айтуы бойынша, кітапқа қызығушылық бала кезінен қалыптасады. Ал бұл қызығушылықты қалыптастыратын ата-аналар. Егер ата-ана кітап оқымаса, бала да кітап оқуға құлықсыз болады. Соңғы жылдары көптеген елдерде балалардың кітап оқуға қызығушылығы төмендегені байқалды. Бұл құбылыс отбасы оқу дәстүрінің әлсіреуімен де байланыстырылды.

2026 жылы жарияланған зерттеуде Қазақстанда оқу мәдениетін дамыту үшін әлеует бар болғанымен, кітап оқу азаматтардың күнделікті дағдысына толық айналмағаны айтылды. Жастардың пікірінше кітап парақтауды бос уақыттың бір түрі немесе өзін-өзі дамыту тәсілі ретінде қарастырмайтынын мәлімдеді. Статистика бойынша елімізде оқу жиілігі де өте төмен екені көрсетелді. Сауалнамаға қатыстқандардың 51,2 пайызы бір жылдың ішінде кітап оқымағандығын айтты.

Сонымен қатар, еліміз балалардың кітапқа қызығушылығын ашу үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Соның бірі «Балалар кітапханасы» бағдарламасында 2580 кітап бекітілген. Елде шамамен 12 мың кітапхана жұмыс істесе, олардың қорында 300 миллионға жуық дана кітап бар. Жәнеде 2025 жылдан бастап 23 сәуір ресми түрде «Ұлттық кітап» күні болып бекітілді.

Жастардың көбі мектеп, қосымша сабақтар, емтиханға дайындық пен әлеуметтік желілер арасында кітап оқуға уақыт таппайды. Ұлыбританиядағы зерттеуде жасөспірімдер кітап оқымаудың басты себептері ретінде уақыттың жетіспеуін және экран алдында көп отыруды атаған.

Кітап оқу мәдениетінің төмендеуі – тек әдебиет мәселесі емес, қоғамның интеллектуалдық дамуына әсер ететін құбылыс. Дегенмен мәселені шешуге болады: отбасында кітап оқу дәстүрін қалыптастыру, мектептерде оқырман клубтарын көбейту, кітаптарды цифрлық форматта қолжетімді ету және жастарға қызықты әдебиеттерді насихаттау қажет. Кітап оқитын ұрпақ – сыни ойлайтын, сауатты және бәсекеге қабілетті ұрпақ.

Назым   ДҮЙСЕНБЕК,

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы,

«Темірлан» жалпы білім беретін мектебінің

11-сынып оқушысы.

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі

Пайдаланылған дереккөздер:

AP News; The New Yorker; Aikyn.kz

Сәйкес жаңалықтар

Абайдың қанатты сөздері

Мемлекет басшысы «Білім-Инновация» лицей-интернатында болды

Тәлімгерлік феномені және ұрпақтар жалғастығы