Жайдан-жай емес, халқыма көмек болсын деп,еліме үлес қосқым кеп таңдадым. Ал терең, әрі мағыналы себебі ол…
Кейінгі жылдардағы арманым. Елімнің мұңын, жан айқайын есту. Себебі менікі де кезінде естусіз қалған еді. Ақиқатпен де жиі тоғыспаған тағдырдың, өзгеге тоғыспасын деп. Журналист болам деген мен!
Журналист өмірі қарбалас, тола саяхат пен сапар. Журналист тек теледидардан жаңалық қана айтушы емес, ол халқы мен үкімет арасындағы хатшы, ең біріншіден халық мейірбаны.
Журналист болғым келгені де, тек арман емес, ол менің болашаққа қойған нық мақсатым. Әр қазағым жалғызым, әр сәбидің бақыты ол меніңде бақытым. Елім үшін ақиқатқа жеткім де келеді, еңбек етіп те, талпынып та, талабыма жетемін.
Бала кезден теледидар көргенге құмар болатынмын, әр тілші сөзіне де, өзін-өзі ұстағанына да тамсана қарайтынмын. Корреспондент, репортёрларды көргенде, әр адамға ерекше ілтипатпен сөйлегенін көргенде, шұғыл оқиға орнына барғанда саспай, нақтысын білуге тырысады, әр адамның психологиясына қарай сұрақ қойып, адам мен оқиғаны зерттейді — бұл тұнып тұрған кәсібилік. Бәлкім көрген шығарсыз, көп ашық соттарға көптеген журналисттер қатысады. «Мақсаты неде?» -әлеуметтік желі қолданушыларына сот барысын түсіндіру, көптеген тың мәліметпен бөлісу, жағдайды баяндап беру. Ел ішінде қауесет тарап кетпес үшін, журналист мәліметтер мен дәлелдер келтіре отыра мақала жазады. Мысалы «Tengrinews.kz» — әлеуметтік желілерде жеке арнасы бар, ол арнаның тілшілері көптеген ашық соттарға қатысқан болатын және өздерінің әлеуметттік желісіне тікелей эфир арқылы көрсетілген соттан ақпарат таратып отырады. Мысалы Салтанат Нукенованың қазасы — Бишимбаев ісі бойынша, Талғардағы Шерзат өлімі — 4 бұзақының ісі. Резонанста болған осы екі сот. «Не себептен ашық сот?» — деген сұрақ туындайды. Себебі халық сот әділ өтіп жатқанына көз жеткізгісі де келеді. Соны естіген журналист, сотқа рұқсат алады, себебі ел арасынды түрлі сөздер пен ғайбат ақпараттарды жоюға тырысады. Нақты дәйекпен сөйлейтін, елге жоғарыдан хабар жеткізіп, ел сұрағын жоғарыға айтып жауабын білген журналист!
Сол бір мықты журналист қатарынан болашақта менде болғым келеді! Қазіргі таңда Дина Төлепбергенді әлеуметтік желіден қараймын, посттарын оқимын, жас маман іздесе, болашақ тілші үшін бүкіл мағлұмат бар!
Журналист халық жанында, мұңнын көбін тыңдаушы, әр адамды жеке дара зерттейтін психолог, қылмысты сұрақ қойып білетін тергеуші, журналист ол әмбебап адам сол үшінде журналисттерді халық жаны сүйеді!
КЕЛЬДЫБАЕВА Алуа,
Алматы облысы, Қарасай ауданы
«Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің»11 «Г» снып оқушысы.
Республикалық «Farabi Shakirti» журналы мен
www.farabishakirti.kz желілік басылым сайтының Жас тілшісі
Шығармашылық жетекшісі: Сайын Аида Меңдібайқызы,
директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары
