«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Жастар тұлғалық дамуға құштар

Қазіргі заман жастардың дамуы үшін өте ыңғайлы кезең. «Әлемді өзгерту үшін өзіңнен баста», — демекші,өмірін жақсы әдеттермен көркейту үшін еңбектеніп жүрген студенттер мен оқушылар аз емес. Солардың бірі – он жеті жастағы дамушы аруымыз, «Serpinup» жобасының авторы Бейсеханова Нұрайым Қанатқызы. Тұрақты дамуға не қажет  туралы сұхбаттасқан едік.

—Өз – өзіңізді дамытуға деген қызығушылық қайдан басталды?

Жалпы әр адам бір нәрсені бастайтын кезде бір дүние себеп болады. Менде ол нәрсе мотивациядан басталды, бір тұлғадан қатты мотивация алдым ол-alpamyspyn деген кісі болатын. Әр күн сайын оны әлеуметтік желіде бақылайтынмын, ол күнде мотивациялық контент жүргізеді. Сонымен қатар күніге 4:30-5:00 тұрады да, өз өмірін өзгертіп ғана қоймай, көп адамға дамуға мотивация берді. Менің өмірімде жұмыс, IELTS тесті, оқу,  бәрі қабаттасып кетті. Барлығын қатар алып жүру мүмкін бе? Өз уақытыңмен сенің алға қойған мақсатыңның уақыт сәйкес келмей қалатын кездері аз болмады. Даму керек? Қалай?  Тіпті, мен мұғалім де болып көрдім. Сол кезде менің ағылшын деңгейім С1-С2 болмаса да, В2 деңгейімен сабақ беріп бастап кеттім, бұл да мен үшін жаңа тәжірибе болды.

—Даму жолында сізге ең көп көмектескен әдет қандай?

—Ерте тұру. Таңертең береке болады, таңның нығметі болады. Сонымен қатар ерте тұру арқылы көптеген нәрсені бітіреміз, көбісі айтады ерте тұрыңдар деп, бірақ ерте тұрған кезде оның мәнін түсініп тұру керек. Таңертең жұмыс өнімді болады, жаттайтын дүниені тез жаттай аласың. Бұл әдет барлық жерде оң нәтиже бере алады, себебі ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Екінші дүние аз — аздан үздіксіз деген дүние. Осы сөзді миыма құйып алып, алға жылжыдым . Мысалы шаршап тұрсам да, бір 10 минут видео көріп, тапсырмаларды орындап қойғанның өзінде, бүгіндікке дым жасамадым деп айта алмайсың. Аз — аздан үздіксіз әрекет нәтиже береді. Үшіншіден, өз — өзіңді марапаттап отыру. Мысалы мен бір аптада сабақтың бәрін тапсырып, аптам өнімді өтсе өзіме сыйлық ретінде бір жерге барып тамақтанып қайтам, бұл миды тынықтыру деп аталатын функция менде. Өзіңді шаршата бермей, марапаттау әдісімен демалып тұрған дұрыс.

—«Serpinup» жобасын бастауға не түрткі болды?

—Бастауыма себеп болған нәрсе мен өзім білім, даму, мотивация жайлы блогымды  бастаған едім. Осы тұста менің жеке чатыма көп адамдар жазып кетті, қалай дамысақ болады, қалай жоспар құра аламын,мен сізден мотивация көп аламын деген сияқты хаттар келді. Сосын маған Shyraq деген марафон көп көмектесті. Ортаның адамға әсері күшті екенін содан білдім. Оқырмандарымның бәрін ол жаққа жібере алмаймын. Өзім жеке тұлға болғандықтан, осы даму марафонын бастау жайлы ой келді. Бір түн бойы ойланып, бастауға шешім қабылдап, тәуекел еттім. Көп адамда сұраныс болды, 100-ден көп адам жазып, 30 адамды іріктеп алдым. Сол өзгелерге көмек көрсетіп, дамушы орта құрғым келді. Көбі ҰБТ-ға дайындалып жүрген оқушылар екен, мен де сол тестке дайындық үстінде болғандықтан 1 пайыз болсын үлесімді қосқым келді.

—«Serpinup» қоғамның өзгертуге әсер ете ала ма?

—Бастамаға 1 ай ғана болады, бірақ нәтижелері байқалады. Меніңше, иә өзгертеді. Себебі, кішкентай бір тұлғаның өзі көп адамға әсер ете алады. Бір кісі таңертең ерте тұрып, жақсы әдеттер қалыптастырып жатыр, оны жанындағы ата-анасы көреді, достары көреді, солай одан мотивация алып,і лесуі мүмкін.

Сонымен қатар Нұрайым ханым кітапсүйер. Оның кітапқа деген құлшынысы қалай пайда болғаны жайлы да әңгіме барысында айттық.

—Кітап оқуға деген сүйіспеншілік қай кезде пайда болды?

—Менің әкем маған әрқашан кітап оқы деп айтатын. Бұрыннан  3-сыныптан бері, бірақ ол кезде кішкентай болдым сол үшін қатты мән бермедім. 9-сыныптан кейіін Қазақ — Түрік колледжіне IT мамандығына түстім. Солай жанымда кілең ақылдылар болды. Мен  сабақ қорытындысы бойынша  90 балл алсам, жанымдағылар 95-100 алатын. Менің ортам өте білімге құштар болды. Қасында бәрі кітап оқып отырса, сен телефон қарап отыра алмайсың ғой. Сол кезде тұрақты кітап оқуды бастап кеттім. Бізде  колледжде бір жоба болды ReadEx деген. Сосын 451 деген жоба болды, ол жерде 5 ай бойы кітап оқып, тесттен жоғары нәтиже көрсеткендер  жарты жыл бойы шәкіртақы алатын. Кітап оқуға құштарлыңымды оятқан шәкіртақы алу болды.  Кітапты барлығы оқып жатыр мен де оқиын деп емес, мен одан не түйемін деп оқу керек. Басында менде де болды бір жылда 50 кітап оқып, бәрін таңғалдырамын деген ой. Бірақ кейінірек түсіндім кітаптың саны емес сапасы маңызды. Қазірге дейін 40-50 кітап оқып тастадым.

—Оқу, хобби, жұмыс бәрін қалай бірге алып жүрсіз?

—Бәрін қатар алып жүру үшін жүйелі жоспар керек. Бірақ адамдардың барлығы осы бір  қарапайым дүниеге айтарлықтай міән бермейді. Менің әр күнім қарбалас. Бірақ мен бәрін өз  күн тәртібімді жасадым. Habit treaker әдісі, блокнот жүргізу дегенді білдіреді. Жоспарымды алдын-ала құрып алып, сол бойынша жұмісімді жүргіземін.

—Дамушы оқырманға кеңесіңіз?

—Өзіңді өзгемен салыстырмау. Менде ол нәрсе синдром болды. Бірақ күресіп нәтиже шығара алдым. Әрқашан  инстаграмды ашсаң, біреу 18 жасында үй, көлік алып жатады. Сол кезде біз өз өзімізді қатты жеймін, менің одан қай жерім кем деген сияқты. Бірақ әркімнің бағы әр кезде жанады. Дегенмен, бағым бір күні жанады ғой деп күтуге болмайды, әрекет ету керек. Әр әрекеттің түбінде – нәтиже болады. Бір есік жабылды деп өкінбеу керек, жаңа мың есік айқара ашылуы мүмкін. Өз өзіңізге фокус қою, В точканы елестетіп көріп, сол мұрат нұсқаңа қарай әрекет ету керек. Аз — аздан үздіксіз әрекет ету керек. Бастысы бастаудан қорықпай, алға қарай қадам баса беру қажет.

Сұқбатыңызға рақмет!

—Сұхбаттасқан:

САҒАДАТОВА  Айым  Әбілқызы,

Ақтөбе облысы, Алға қаласы,

«Алға мектеп-гимназиясы» 11-сынып оқушысы

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Қатыгездікке жол бермеу керек – Оқу-ағарту министрі ата-аналар мен балаларға үндеу жолдады

farabi shakirti shakirti

Абайлық 13 жастағы оқушы қамшының 15 түрін өреді

Жас тілшілер форумы- жаңа мүмкіндіктер