«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Мамандығым – өмірім

Журналистика – қоғам үнін жеткізетін мамандық

Сурет:https://arainfo.kz/

Журналистика – қоғам мен халық арасын байланыстыратын маңызды мамандықтардың бірі. Журналист халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп, елдегі өзекті мәселелерді көтереді, шынайы ақпарат таратады. Сондықтан журналистиканы қоғамның айнасы деп атайды. Қазіргі таңда ақпараттың рөлі ерекше. Адамдар күн сайын жаңалық оқып, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түрлі мәліметтер алады. Осындай кезде журналистердің еңбегі маңызды бола түседі. Олар оқиғаны зерттеп, нақты деректерді жинап, халыққа дұрыс ақпарат ұсынуға тырысады.

Журналист тек жаңалық таратушы ғана емес, ол – қоғамдағы мәселелерге бейжай қарамайтын тұлға. Экологиялық жағдай, білім, денсаулық сақтау, жастар мәселесі сияқты көптеген тақырыптарды көтеру арқылы журналист қоғамның дамуына үлес қосады. Кей жағдайда журналистік зерттеулер маңызды мәселелердің шешілуіне себеп болады.

Бұл мамандық иесінен жауапкершілік, адалдық, сауаттылық және батылдық талап етіледі. Журналист әрқашан шындықты айтып, халық сенімін ақтауы қажет. Сонымен қатар ол бірнеше тілді меңгеріп, ақпараттық технологияларды пайдалана білуі керек.

Қорытындылай келе, журналистика – қоғам үнін жеткізетін, халық пен билік арасындағы алтын көпір болатын маңызды мамандық. Ақпарат дәуірінде журналистердің еңбегі ерекше бағаланып, олардың қоғамдағы рөлі одан әрі арта түсуде.

НҰРДІЛДА  Зарина  Ғабитқызы,

Астана білім басқармасының

«№99 жалпы орта мектебінің» түлегі.
Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Мен таңдаған мамандық

Халықаралық Академиялық ұтқырлық аясындағы ғылыми тағылымдама тәжірибесі (Түркия, NECMETTIN ERBAKAN ÜNIVERSITESI мысалында)

Мамандық таңдаудағы басты қателіктер