«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Мұғалім мәртебесі

Жылдар санатындағы адал еңбегіңіздің жемісін ұзағынан көріңіз!

Мектебіміздің ардақты ұстазы, ұстаздық еткен жылдары қаншама балаға білім беріп қанаттандырған Амиракулова Болай Мырзахметқызы зейнеткерлік демалысқа шықты. «Орыс тілі және  әдебиеті» пәнінен сабақ беретін ұстазымызға деген ризашылығымды өлең жолдарымен өрнектедім.

***Алдымен оқушымын өзімді айтсам,

Ұстаздан білім алғам сөзімді айтсам.

Нағыз үлкен құрметке ие болған,

Мен бүгін бір апайым жайында айтсам.

***Кішілік, кісілікті қатар алған,

Тақтаға бормен жазып қолы талған.

Өмірінің барлығын мектепке арнап,

Бүгінде ұстаздардың алды болған.

***Білімін шәкірт бар ма ұғынбаған,

Сөзіне бала бар ма қанықпаған?

«Оқушым» бағдарламадан қалмасын деп,

Мектепте өткізді кеп  ғұмыр  жасын.

***Басқа ұстаз ағайлардан өзгерексіз,

Біліміңіз айтар жоқ тым зерексіз.

Қыздарының айналған шуағына,

Асыл Ана ретінде бір бөлексіз.

***Мінезіңіз мейірбан ғажайыпсыз,

Ажарлысыз, парасатты әдемі бір айыпсыз.

Еңбегіңді біледі бүкіл мектеп,

Сіз осындай құрметке лайықсыз.

***Қуаныш па? Өзімізге сыймай тұрмыз,

Зейнеткер деп айта алмаймыз, балдай қызсыз.

Әттең мына уақытта зымырайды – ау,

Шыны керек, біз сізді қимай тұрмыз.

***Еленіп жатыр бүгін еңбегіңіз,

Ұлы ұстазсыз,  ол сөзсіз ақылдысыз.

Болай апай не деген бақыттысыз,

Ұстаздардың жартысы шәкіртіңіз!

***Теңейтіндей анасыз айға теңің,

Соза бергім келеді жыр дәптерін.

Ізгіліктің иесі сіз болған соң,

Айта бергім келеді, айта бергім.

***Керемет қып жаратқан Алла пейілін.

Шәкіртімен мақтанған ұстаз деймін.

Бейнетіңнің көрсінші тек зейнетің,

Әдемі боп жүріңізші жүзге дейін.

***Ұстаздарды дейді ғой аялаңдар,

Жаны жылып қалады жай адамдар.

Апай жайлы теңеуім рас болса,

Екі қолды қошеметтеп,аямаңдар!

АРИПБЕК   Балнұр  Ғалымжанқызы,

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі

«Қосан Мамытов мектебінің» түлегі,

Түркістан облысы, Төле би ауданы, Зертас ауылы

Шығармашылық жетекшісі:

Адылбеков Ерлан Қуандықұлы,

мектеп директоры

Сәйкес жаңалықтар

«Учителем мечтала стать с самого детства»

Министр Дархан Қыдырәлі ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар Кеңсесінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесті

Елім деген ер еді