Сурет: ЖИ, жоодаған автор
«Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», демекші, ерте тұру өте пайдалы. Себебі ерте тұрған адам күнін жоспарлап, уақытын тиімді пайдаланып, табысқа жетеді.
Бірақ көпшілік таңғы берекенің орнына тәтті ұйқыны таңдайды. Оған себеп – олардың түнгі 1–2-ге дейін әлеуметтік желілерде отырып, таңертең уақытында тұра алмауы.
Таңертең ерте тұру – бұл да бірден қалыптаспайтын әдет. Осы әдетті қалыптастыру үшін мына 5 тәсілді ұсынамыз.
Бірінші тәсіл – күн сайын бір уақытта ұйықтап, бір уақытта ояну. Бұл ағзаның биологиялық сағатын реттеуге көмектеседі.
Екінші тәсіл – ұйықтар алдында телефон, компьютер сияқты құрылғыларды қолдануды азайту. Бұл ұйқының сапасын жақсартады.
Үшінші тәсіл – таңертең өзіңізге ұнайтын іспен айналысуды жоспарлау. Мысалы, кітап оқу, жүгіру немесе ағылшын тілін үйрену ерте тұруға ынталандырады.
Төртінші тәсіл – оятқышты төсектен алыс қою. Осылайша оны өшіру үшін міндетті түрде орныңыздан тұрасыз.
Бесінші тәсіл – оянған соң бірден терезені ашып, таза ауа жұтып, жеңіл жаттығу жасау. Бұл ағзаны
сергітіп, ұйқыны тез ашады.
Қорытындылай келе, ерте тұру – бір күндік емес, тұрақты әдет. Кішкентай қадамдардан бастап, күн тәртібін біртіндеп өзгертсеңіз, уақыт өте келе оның көптеген пайдасын көресіз.
САҒАТОВА Нұрина,
Абай облысы, Семей қаласы,
«№50 IT-лицей мектебінің»
11 – сынып оқушысы
