Сурет: ЖИ, жолдаған автор
Қазіргі XXI ғасыр – ақпарат пен технологияның заманы. Күн сайын адамдар әлеуметтік желілерден, теледидардан және түрлі интернет платформаларынан көптеген ақпарат алады.
Алайда ақпараттың көп болуы оның бәрі шынайы дегенді білдірмейді. Сондықтан қоғамға сенімді әрі тексерілген ақпарат қажет.
Журналистика – қоғамдағы маңызды ақпараттарды жинап, тексеріп, өңдеп, халыққа жеткізетін сала. Егер журналистика болмаса, жалған ақпараттар көбейіп, адамдар ненің шын, ненің өтірік екенін ажырата алмай қалар еді. Бұл қоғамда сенімсіздік пен дүрбелеңнің туындауына себеп болуы мүмкін. Журналистер әрбір ақпараттың анық-қанығына көз жеткізіп, оны халыққа дұрыс жеткізуге тырысады. Сонымен қатар журналистика халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізіп, ел мен билік арасындағы алтын көпір болады.
Қорытындылай келе, журналистика – қоғамның ажырамас бөлігі. Ол халықты шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамдағы тұрақтылық пен өзара сенімді сақтауға да үлкен үлес қосады.
САҒАТОВА Нұрина,
Абай облысы, Семей қаласы,
«№50 IT-лицей мектебінің»
11 – сынып оқушысы
