14 мамырда «Медеу»  туристік  базасында қаланың 16 жалпы білім беретін мектептері мен лицейлерінің 9-10 сынып оқушылары арасында «Жас құтқарушы» XV слетінің қатысушылар арасында финалдық жарыстар өткізілді. Спорттық іс-шара ТЖ департаменті Білім басқармасымен бірлесіп, «Алматы қаласының құтқару қызметі» Қызыл Жарты Ай Қоғамының қолдауымен өткізілді .

Финалдық жарысқа жас құтқарушылардың аудандық жасағының үздік жеңімпаз командалары іріктелді. Ұлдар мен қыздар дағдылар мен төтенше жағдайларда әрекет ету мінсіз қабілеттерін көрсетті, сондай-ақ күштік жаттығуларды да  сәтті орындады. Дәстүрлі түрде өткізетін іс-шараның аудандық және қалалық жарыстарына қаланың жалпы білім беретін мектептері мен лицейлерінен 1100-ден астам оқушы тартылған.

Жас құтқарушы бірнеше кезеңнен тұрады: өрт сөндіру жабдығын жауынгерлік өрістету, зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету және тасымалдау, аспалы өткел, екі тақтаны пайдалана отырып өткелден өту және т.б.

Жарыстарды өткізу тәжірибесі қатысушылардың ТЖ (жер сілкінісі , өрт және т.б.) кезінде қалай дұрыс әрекет ету керектігі туралы практикалық білім алатындығын, физикалық және психологиялық дайындық алатындығын және халықты қорғауды оқытудағы ең тиімді элементтердің бірі болып табылатынын көрсетеді.

«Визит карточкасы» атты бірінші кезеңде өз шығармашылық презентациялық баяндамасында Бостандық ауданының № 189 және № 40 мектептерінің жас құтқарушылары тамаша өнер көрсетіп, Әуезов ауданы № 104 мектебінің үздік костюмі атап өтілді. Алмалы ауданының № 147 гимназия, № 136 мектебі, Әуезов ауданының № 139 жалпы білім беретін мектебі, Жетісу ауданының № 87 мектебі, Медеу ауданының №4 мектеп –гимназиясы, Наурызбай ауданының № 74, №192 жалпы білім беретін мектептері және т. б. командалардың жақсы дайындалғанын атап өту қажет

«Жас құтқарушы» байқауының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте келесі  жеңімпаздар анықталып, грамоталар мен кубоктар табыс етілді. 1 орынды Алатау ауданының № 154 жалпы білім беретін мектебі иеленді; 2 орын Алатау ауданының № 26 жалпы білім беретін мектебі; 3 орын Әуезов ауданы № 139 мектеп-гимназиясы командасының қоржынына түсті.

Жеңімпаздар ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында Көкшетау қаласындағы республикалық жарыстарда бағын сынайды.

 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *