«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Спорт

15 жасар қазақстандық теннисші алғаш рет ITF Juniors турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық Әмір Омарханов Қарағандыда төртінші санаттағы ITF Juniors турнирінің чемпионы атанды, — деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Әмір финалда отандасы Ілияс Маратұлын 3:6, 7:5, 6:1 есебімен ұтты.

«Алғаш рет осындай дәрежедегі жарыста жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бір апта бұрын ойыным жүрмеді, дегенмен бірте-бірте қалыпқа келдім. Дода барысында қарқынымды күшейте түстім», — деді Ә.Омарханов.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі қазіргі кезде Чехияда жаттығады.

Жұптық сында қазақстандық Әдемі Аманкелді ресейлік Софья Гапанковамен бірге финалда ресейліктер Зоя Левина — Анастасия Рожкованы тізе бүктірді.

Сәйкес жаңалықтар

Афиныны бағындырған Айжан

Парижде 2024 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті

122 Әлем чемпионы, 301 Азия чемпионы және 572 ҚР чемпиондары