«Қарағанды қаласының білім бөлімі»  «№33 мектеп — бөбекжай» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Рахмет саған Әліппе!» атты әліппемен қоштасуға арналған іс — шара өтті. 1 «Ә» сынып оқушылары қыркүйек айында мектеп табалдырығын аттап алғаш қолдарына ұстаған оқулығы «Әліппе» болса, бүгінгі күн сол әліппені аяқтап, білім асуының алғашқы белесінен асып отыр. Әліппемен сауатын ашқан ұстазы Нұртанова Жанар Жұмабайқызының шәкірттерінің алғырлығы мен тапқырлығы барша ата – аналарды сөзсіз риза етті. Әліппемен сауат ашқан оқушылардың көздеріңде от, сөздеріңде жалын, ұлттық рухтың самалы есіп тұрды.

Әрине, бұл балалар үшін жетістік, жеңіс! Әліппе – бұл бүкіл ғылымның алғашқы есігі, білім шыңына бастайтын алғашқы баспалдағы. Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын әліппе оқулығының тарихына тоқтала кетсек;

Әліппе – сауат ашу оқулығы. Ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсыновтың жаңа әліпбиі (төте жазу) үлгісімен жазылған «Оқу құралы» (Орынбор, 1912) қазақ мектептерінің әліппеге деген сұранысына толық жауап берген. Онда шәкірттердің сөздік қорын барынша сауат ашу мақсатына тиімді пайдалану мақсаты көзделген. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алған. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең қолданыста болды.
Бұл сөз тілімізге араб жазуын пайдаланған ертерек кезде еніп, 1929 жылы латын, ал 1940 ж. осы күнгі орыс алфавитіне көшкенімізден кейін де, мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған балалардың алдымен танысатын сүйікті оқулығының атауы Әліпби болды.

“Әліппе” бітіру алдағы өмір жолына апаратын алтын көпір. Осы мерекеге »  «№33 мектеп — бөбекжай» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» 1 «ә» сынып оқушылары мен ата – аналар қауымы белсене қатысты. Мереке барысында оқушылар келген ата – аналар мен қонақтарға өз білімдерін, ән шашуларын, мәнерлеп тақпақтарын айтып, өнерлерін көрсете білді.

«ӘЛІППЕ», «Менің Отаным», «Рахмет саған Әліппе» сынды т.б әндер айтылып, қызықты сауалнамалар қойылып, мың бұралып биде биленді. Оқушылардың алғашқы ұстазы Нұртанова Жанар Жұмабайқызы бүлдіршіндерді құттықтап, сәт – сапар тілей отыра, әліппені сәтті аяқтағаны үшін құттықтау қағазын табыс етті. Ертеңгілік соңында оқушылар мен ата – аналар дән риза болып тарқасты. Мен өз кезегімді саналы, әрі тәрбиелі Бар кітапқа бас болған Әліппенің алғашқы бүлдіршіндеріне сәт – сапар тілеп, еліміздің патриоты мен ұстаздың бетке ұстр шәкірттері болсын деп түйіндедім!

 

ЖАРКЕЕВА Гүлдана Әділбекқызы,

Қарағанды қаласы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *