«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Басты ақпарат

Президент білім жүйесін дамытуға арналған заманауи тәсілдермен танысты

2026 жылғы 26 тамыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білім болашағы» көрмесін аралап көрді. Республикалық тамыз конференциясы аясындағы іс-шара саланы дамытудың заманауи тәсілдеріне арналған.

Президентке «Талдау орталығының» жұмысы және жасанды интеллектіні пайдаланатын талдау құралдары көрсетілді. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұғалімнің сабаққа әзірленуіне көмектесетін WONK педагогтің АІ-ассистенті таныстырылды.

Содан кейін Мемлекет басшысына Qalam AI, Beyim.AI, TopIQ және E-OQULYQ цифрлық шешімдері қолданылатын 3-сыныптағы математика сабағының үзіндісі көрсетілді.

Бұдан бөлек, Президент заманауи балалар басылымдарымен, соның ішінде әлем әдебиетінің қазақ тіліндегі аудармасымен, сондай-ақ, ғылым, инженерия, робот техникасы мен инновация саласындағы оқушылар жетістіктерімен танысты.https://akorda.kz/kz/prezident-bilim-zhuyesin-damytuga-arnalgan-zamanaui-tasildermen-tanysty

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

farabi shakirti shakirti

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуде сөйлеген сөз

Еліміздің басты әрі маңызды құжаты – Ата Заңға 30 жыл!