«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Мұғалім мәртебесі

25 қазан – жаңа Қазақстан мемлекеттілігінің тарихи бастауы

Сурет: ЖИ көмегімен жасалынды (Жасанды интеллект).

Жолдаған: автор Рысбек Жанерке

25 қазан – Республика күні, тәуелсіз Қазақстанның іргетасы қаланған күн. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияны қабылдады.

Бұл құжат Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін жариялап, елдің өз тағдырын өзі шешу құқығын бекітті.

Декларация егемен Қазақстанның қалыптасуына негіз болды. Ол мемлекеттің өз Конституциясын, заңдарын және ұлттық рәміздерін қалыптастыруға жол ашты. Сондықтан 25 қазан әрбір азамат үшін киелі әрі маңызды күн.

Бұл күні мектептерде, ауыл-қала орталықтарында жыл сайын әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады: домбырамен күй арналады, мерекелік концерттер өткізіледі.

2001 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша 25 қазан мемлекеттік мерекелер қатарына енді.

Бұл күн еліміздің тарихымен және кейінгі тәуелсіздігімен тікелей байланысты.

РЫСБЕК  Жанерке,

«№44 жалпы орта білім беретін

мектеп гимназиясының» 11 – сынып оқушысы.

 Жамбыл облысы, Меркі ауданы

Сәйкес жаңалықтар

Расстояния и углы в пространстве как средство формирования пространственного мышления учащихся старшей школы

farabi shakirti shakirti

Раздел 3С. Письменное умножение и деление.

Қауіпсіздік апталығы