Болашағымызға қадам басар сәт

Жыл сайын мыңдаған түлектер мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басады. Олар мектеп бітірерде таңдаған мамандығына жол тартар сәтте, алғашқы тесттерің тапсырады. Бұл тест-ұлттық бірыңғай тестілеу. Осы тест-шешуші қадамдардың бірі. Яғни осы тест нәтижесі бойынша болашаққа нық қадам баса алады. Бітіруші түлектердің ойында көптеген қорқыныштар, уайым, стресс, қайғы болады. Ал кей оқушылар үшін-білім деңгейін тексеру. Ендеше,Ұбт-ға дайындықты қалай бастап, тапсруымыз керек?
Жыл сайын түлектердің саны артуда. Түлектердің саны артқан сайын бөлінген гранттың саныда біршама артып отыр. Бірақ оқушылардың бір қателігі-ұбт алдында уайымға салынып, стресске түсулерінде. Қанша дайындықпен барып тапсырсада, өздеріңе сенбей, кейбір түлек үрейге бой алдырып, біліп тұрған сұрақтарына жауап бере алмай қалады. Қобалжығандықтан, әрине. Бұл — өте үлкен қателік. Себебі, қорқыныш-сенің дайындалған миыңдағы ақпараттарды өшіріп отырады. Сол үшін уайымға салынбай, ҰБТ-ны басқа тұрғыдан қарастырып көру керек. Ол қалай?
Менің ойымша, ҰБТ- білім деңгейін тексеру құралы ретінде қарау керек. Себебі, осы тест арқылы оқушы 11 жыл бойы оқыған білімін көрсете алады. Ешнәрседен қорықпай, тек дайындықты арттыру арқылы біліміңді дәлелдеуің керек. Сондықтан қорықпа, дайындалсаң бәрі жеңіл түрде өтеді. ҰБТ-мүмкіндіктер мекені. Бір тест сенің өмірлік жолынды ашады. Осы тестті тапсыру арқылы сен болашаққа нық қадам баса аласың. Өзің қалаған баллынды жинау арқылы, жоғарғы оқу орнына грант иегері атанасың. Бұл сен үшінде, ата-анан үшінде үлкен қуаныш. Сол себептен, болашақ сенің қолыңда. Және ешқашан ҰБТ-өмірдің соңы деп ойламаңыздар. Ал кей оқушылар ҰБТ-дан төмен балл алып, өздерің тастап жібереді. Бірақ, бұл бір ғана сынақ,өмірдің шешуші нүктесі емес. Көп адамдар осы тесттен сүрініп, құлағанымен өмірде көптеген жетістіктердің есігін ашқан. Сол себептен ҰБТ-өмірдің соңы емес, ол-басы. Мақсатқа жетуге ұмтылу — осы кезден басталады. Бұл тестті тек мүмкіндік ретінде қарастырып көрсек — болашақтың алғашқы баспалдағы. Болашаққа қадам басуға мүмкіндік көп. Қазіргі таңда ҰБТ-ны 4 рет тапсыру мүмкіндігі бар. Бұл оқушылар үшін таптырмас мүмкіндік. Бірінші кіргеннен қорқынышыңды жең, әрекет ет, оқы, соңында үлкен нәтиже сені күтуде…
Құрметті жас түлектер, ҰБТ-бір күндік сынақ, ол сенің болашағынды түгелімен шешпейді. Біліміңді арттырсаң, алға қойған жоспарларыңды біртіндеп орындайсың, мақсатыңа жетесің. Егер еңбектенсең, білімнің жолы әрқашан ашық. Сынақтан сүріну – өмір белестерінен өте алмау емес. Әр адамға жаңа мүмкіндік қашан да бар. Ендеше, бойымыздағы бар қорқынышымызды жігермен, біліммен жеңіп, болашаққа қадам жасауға дайын болайық. Сәттілік!
Айзат БАҚБЕРГЕН,
«Ұ.Бағаев атындағы» орта мектептің 11 сынып оқушысы
Алматы облысы, Кеген ауданы, Алғабас ауылы
Суретте: мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Бекбатырова Бекзат Ораазханқызы