Кинодағы мюзикл — жүректің сахнасы

Бірнеше күн бұрын кинотеатрда «Бақыт құшағында» атты Шәмші Қалдаяқов атамыздың өлеңдеріне негізділген мюзикл шыққанын естіп, лезде билет алуға жүгірдім. Бұл менің кинодағы мюзикл жанрымен алғашқы таныстығым еді. Шынымды айтсам,үлкен үміт артпадым. Бірақ та, менің ойлағанымнан мың есе асып түсті.

Бұрын соңды мюзиклге барып көрмегендіктен фильм жайлы алғашқы ойларым анық болмады. Алғашында,фильмді тек әуен мен кадр үндестігі, үйлесімділігі деп елестеттім. Ал, шын мәнінде фильм өзінде әсем дауыс пен көз тамсандырар би,сонымен қатар ерекше визуалды ұйқастыра білді. Сонымен қатар, басты тақырып ретінде екі ғашықтың бас қосуындағы ауыр жолын ала отырып, қазіргі Қазақстандағы қоғамдық түйіткілдерді айқын көрсете алды.

Мюзиклдің басты ерекшелігі осыда деп түсіндім. Әрине, фильмге мазмұны жағынан қарасақ,оның да осал тұстары мен кешміліктері  аз емем. Дегенмен, оның көрермен жүрегіне қалдырар әсері барлық кемшілігін ұмыттырып жібереді. Залда бір жарым сағат ішінде мысқылдап күліп те,кейіпкерлерге тамсанып та, олардың басына түскен мәселелерді жүрегіңмен сезініп те үлгересің. Өмірде әр нәрсені көңіліме ала бермейтініме қарамастан, «Бақыт құшағында» фильміндегі ананың балалары үшін қиналғанын көргенде көз жасымды тоқтата алмадым.

Тарыдай шашылған ойларыммен  жеткізгем келгені,мюзикл — бұл жай ғана ән мен бидің ұйқасы емес, адамның ішкі жан әлемін әуен арқылы жеткізетін өнер. Ол көрерменді кейіпкермен бірге күліп, бірге мұңайтуға, бірге армандауға жетелейді. Сондықтан да мюзикл жанры — тек мен үшін ғана емес,басқа да жандар үшін керемет ашылу болғанын қалаймын.

ЖАҚСЫБАЙ  Перизат,

Жамбыл  Жабаев атындағы №161 лицейдің 11 «Ә» сынып оқушысы.

Алматы қаласы, Медеу ауданы.

Жетекшісі: Айгерім ЕСІМХАН