«Алаштың ардақтысы»

Міржақып Дулатұлының туғанына — 140 жыл
Биылғы 25 қараша күні Тастұмсық ауылдық кітапханасы және Қабанбай ШЖНОМ ұйымдастыруымен көрнекті жазушы М. Дулатұлының 140 жылдығына орай «Алаштың ардақтысы» атты шығармашыл оқырмандар конференциясы болып өтті.
Конференцияға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Түлкібас аудандық қоғамдық келісім» филиалы, Түлкібас аудандық Жастар орталығының мамандары, округ мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері қатысты.
Оқырмандарымыз Нұрғали Жансезім, Жүнісәлі Аңсар, Сеитхан Аяулым, Исаева Мөлдір, Ақжігіт Дана алғашқы қазақ романының авторы, библиография негізін салған алаштың ардақтысы хәм тағылымды ғұмыр иесі — Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы
туралы кеңінен қамтылған өз баяндамаларын жұртшылық назарына ұсынды.
Жазушының «Бақытсыз Жамал», «Жігіттер», «Оян қазақ» шығармаларынан үзінділер оқыды. Олег Кошевой атындағы жалпы білім беру мекемесінің кітапханашысы Т. Османова «Оян қазақ — ұлттық ұран», Лермонтов атындағы жалпы білім беретін білім мекемесінің кітапханашы А. Абдирахманова «Елдік шыңындағы тұлға», Қабанбай атындағы ШЖНОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қамбарова Эльмира Атаханқызы «Елдіктің ұраншысы — өр Міржақып», Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Түлкібас аудандық филиалының маманы Дүйсебаев Жанғали Сарсенбайұлы «Ұлт мұраты жолында өмірін арнаған кемеңгер» атты тақырыптық ой-толғамдарын жасанды интелект құралдары арқылы жеткізді.
Қабанбай ШЖНОМ кітапханашысы Дулатов Даурен «Еркіндік қыраны -Міржақып» атты бейнебаяны негізінде ақын
шығармаларына қысқаша шолу жасады.
Тастұмсық ауылдық кітапханасының кітапханашысы Топанбай Мейірхан «Алаштың шоқ жұлдызы» атты кітап көрмесі таныстырды. Іс-шара соңында, Аналар кеңесінің төрайымы Светлана Таштемирова көпшілікті Міржақып Дулатұлы туралы жазылған кітаптарды оқып әрі ол туралы түсірілген отандық «Міржақып. Оян қазақ» телехикаясын көруге шақырды. Конференцияны Түлкібас аудандық Ақсақалдар кеңесінің төраға орынбасары Примбетов Тастанбек Есимбекұлы:
—Ұлттың айнасы. Алаш тұлғасының өмір жолы — күрес. Ұлттың ертеңі үшін күресті. Ал, сол ақынды ақтап алуға қызы Гүлнар Дулатова өмірін арнады. Қазақ барда Міржақыптың ұраны өшпейді,- деп атап пікірін білдіре қатысушыларға
ризашылығын білдіріп арнайы алғыс хат табыстады.
ТОПАНБАЙ Мейірхан Мейрамбекұлы,
Түлкібас аудандық орталықтандырылға кітапханалар жүйесі
Тастұмсық ауылдық кітапханасының кітапханашысы,
Ф.ғ.к.аға оқытушы Кайырбекова Ұ. С.
Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің
«қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының магистранты





