Молдахмет Кенбаев — сурет өнерінің шебері

Белгілі суретші, халқының жадында Құрманғазының бейнесімен «Асауға тұсау» атты суреттерімен жатталған Молдахмет Кенбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай 27 қараша күні Шымкент қаласында М. Жұмабаев атындағы №39 мектепте
Шымкент қаласының қалалық білім бөлімінің әдістемелік орталығының бастамасымен, №39 М. Жұмабаев атындағы мектептің ұйымдастыруымен өткен «Эстетикалық пәндерді оқытуда жасанды интеллектті кіріктірудің маңыздылығы» қалалық семинары мен Кенбаев Молдахмет Сыздықұының 100 жылдығына арналған «Бояулар сыры» жас суретшілер байқауы бір алаңда
тоғысты.
Бұл күн шығармашылық пен технологияның бір арнада тоғысқан күн болды. Белгілі суретшінің өмір жолынан сыр шерткен көріністі 10 сынып оқушылары сахналады. Профессор Қ.Ералин мен әдіскер Т.Б.Оразованың мазмұнды баяндамаларымен таныстырды. Оқушылардың әні мен биі семинарға ерекше көркем реңк берді.
ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі мәдениет саласының өкілі, білікті ұстаз Мейраш Тастемирова «М.Кенбаев стиліндегі
композицияны AI арқылы жалғастыру» атты практикалық шеберлік сабағымен ашты. Мектеп мұғалімдері Лаззат Жүзеева «ЖИ-дің оқу үдерісіндегі жаңа мүмкіндіктерін» , Айгерім Тойлақ «Музыка сабақтарында ЖИ қолдануы», Мәдина Қамбар 
«Ұлттық өрнекті заманауи форматта жаңғырту тәсілдері» тақырыбында таныстырды.
7–18 жас аралығындағы 125 жас суретшілер «Табиғат – ең керемет суретші» номинациясы бойынша шығармашылықтарын көрсетті. Акварель, гуашь, пастель, аралас техника — барлығы ұлттық бояулар мен кең дала сұлулығын паш етті.
Мұғалімдердің кәсіби дамуы мен оқушылардың шығармашылық әлеуеті, ұлттық мұра мен заманауи технологияның үйлесімін арттыруға бағытталған мәдени іс-шарада әдістемелік орталық директоры Ш.Айтбаева мен білім мекемесінің директоры Б.Қаработа жаңа технологияның эстетикалық пәндерді оқытудың маңызына жете тоқтала білді.
ЕРЛЕР Алмас Қайратұлы,
Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық
Университеті «Көркемсурет факультетінің»
2-курс студенті.
Суреттерді жіберген автор





