Миша, біз сенімен мақтанамыз!

Еліміз халқы мәнерлеп сырғанаудан 32 жыл өткен соң, алтынға қол жеткізіп емпион атанған Михаил Шайдоров бұл жеңісін Қазақстан халқының жеңісі деп атады. VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудың чемпионы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Денис Тен армандаған алтынға қол жетті.
14 ақпан 2026 жылы Италияның Милан қаласында өткен «2026 жылғы қысқы Олимпиада» ойындарында мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль алып, еліміздің Көк Туын желбіретіп, бүкіл елге Әнұранымызды ойнатқан Михаил Шайдоров туралы білесіз бе?
Михаил Шайдоров 2004 жылы 25 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. «Мәнерлеп сырғанау» атты спорт түріне алты жасынан бастап қызығушылық танытқан. Оның бұл спортпен қызығып, айналысуына көптеген көмегін тигізіп, баулыған әкесі Станислав Шайдоров — Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан бірнеше дүркін чемпионы.
2010 жылы еліміздің атақты мәнерлеп сырғанаушысы Денис Тенмен танысып, одан үлгі алып, Денис Тендей еліміздің мақтанышы атануды мақсат еткен. Кәсіби мансабын Миша 2018 жылы бастап, қазіргі күнге дейін жалғастырып келеді. 2022, 2025 жылдар аралығында Жастар арасындағы және Бостондағы Әлем чемпионаттарында күміс жүлде иегері атанып, еш беріспей, тек алдыға ұмтылған.
2026 жылы Италияда өткен Қысқы Олимпиадада, 32 жыл бойы елімізден ешкім бағындыра алмаған алтын медалді біздің Миша еліміздің алтыны етіп, Олимпиада чемпионы атанып қана қоймай, еліміздің мақтанышы атанды.
Миша біз сенімен әрдайым мақтанамыз, саған шексіз алғыс білдіреміз! Еліміздің Көк Туын желбірете бер! Денис Тен де
аспаннан қарап сенімен мақтанады!
ҚҰРМАШ Жайна,
Алматы қаласы, Медеу ауданы,
172 мектеп – гимназиясының 11 сынып оқушысы.
Сурет:https://sports24.kz/





