«Қорықпаймын. Көмекшіге жүгінбеймін. Теңдесті тек таппадым».

Күні кеше Италияда өткен Қысқы Олимпиаданың гала концертінде отандасымыз Михаил Шайдоров «Кунг-фу панда» костюмінде мұз айдынында өнер көрсетті. Чемпионның өнерін трибунадан көріп, тамашалаған Джеки Чан мырза өнеріне тәнті болып, ризашылығын білдірді. Шайдоров пен Чан мырза жылы-лебіздерімен бөлісіп естелікке суретке де түсті.
Белгілі актер Джеки-Чан 2026 жылдың басынан қазақстандықтардың қасынан жиі-жиі табылып, шығармашылық байланыс орнатуда.
Осы жылдың көктемінен Маңғыстауда «Құдайдың сауыты» фильміннің жалғасы түсірілетіні дүйім жұртқа мәлім, фильм режиссері ретінде Джеки Чан отандасымыз Роберт Кунге жүгініп отыр.
Қытай жаңа жылында белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлы Қытайдың Иу қаласында Джеки Чанмен бір сахнада өнер көрсетті. Бұл концерт Қытай еліндегі белгілі мерекелік телешоу – Spring Festival Gala жобасының ресми алаңында өткен.
Джеки Чан туралы мәліметтермен танысу барысында Қазақ радиосының https://qazradio.fm/kz сілтемесін сақтай отыра, актер туралы 9 деректі мақалама қосып отырмын.
1.Ол кедей отбасында дүниеге келді. Ата – анасы жарлы болғандықтан, баласын босандырып алған акушерге 26 доллорға сатпақшы болған.
2,Анасы баласын 12 ай бойы көтеріп жүрген. Сондықтан, дәрігерлер кесір тілігімен босандырып алған. Сәбидің туғандағы салмағы 5,5 кг.
3.Джеки мектеп қабырғасында білім алып жүргенде, оның көптеген лақап аты болды. Мұғалім оның мұрнын таяғымен ұрып сындырғандықтан, сыныптастары оны «Дәу мұрын» деп атаған. Білім ошағында оқумен қатар, ол акробатика, актерлік және жауынгерлік өнерді меңгерді.
4.Джеки Чан 7 жасында алғаш рет «Большой и Маленький Вонг Тин Бар» фильміне түсуге ұсыныс алды. Мектепті бітіргенше ол 7 киноға түсіп үлгерді. 5.Өзінің фильмінде ол 15 лауазымда жұмыс істеді: сценарист, режиссёр, бас актер, продюсер, атқарушы продюсер, оператор, суретші — режиссер, желілік продюсер, трюктерді үйлестіруші, жарық беруші, каскадёр, композитор, реквизит меңгерушісі, тақырыптық ән орындаушысы, тіпті қоғамдық тамақтандырудың үйлестірушісі.
6.Джеки Чан фильмдердің бірінде трюк жасағаннан кейін, бас сүйегін жарақаттап алды. Зақымданған жерді пластикалық пластинамен жапқан. Осының әсерінен, оның оң құлағы естімей қалды.
7.Актер мінсіздікке ұмтылады. Фильмдердің бірінде үш секундтық трюк үшін оған 2 күндік түсірілім, яғни 1600 дубль жасауы қажет болған.
8.Джеки актерлік шеберліктен бөлек, әнді де жақсы орындайды. 1984 — жылдан бері ол өзінің 20-дан астам альбомын жарыққа шығарды. Кейбір фильмдері өзінің әнімен аяқталады.
9.Оның ұраны: «Қорықпаймын. Көмекшіге жүгінбеймін. Теңдесті тек таппадым». Ешқандай сақтандыру компаниясы актерді сақтандыруға тәуекел етпейді. Себебі, ол бүкіл әлемдегі сақтандыру компанияларының қара тізімінде.
Тұтас буынға балалық шақ сыйлап, киноларында жекпе-жекте жалғыз өзі жеңілмейтін, берілмейтін, ажал аузынан құтылып кететін экшен-кейіпкерлерімен сан бала мен көрерменді таңқалдырған актерге зор денсаулық, екі ел арасына бейбітілік пен ынтымақ тілейміз!
АХАНОВ Дінмұхаммед Әсетұлы,
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейініің» 11-сынып оқушысы.
Жетекшісі: Төкенова Әсел Нұрланқызы,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.





