Жаһандану ұлттық болмысты жоя ма, әлде жаңа деңгейге көтере ме?

Сурет: ЖИ
Жаһандану үдерісі ХХ-ХХІ ғасырларда Қазақстанда белең алған. Бүгінгі атқан таң мен батқан түннің арасындағы экономика, білім мен ғылым, технология мен ұлттық болмыстың өзгеріске ұшырауына да себепкер-жаһандану. Жаһандану ұлттық болмысты жоя ма, әлде жаңа деңгейге көтере ме?
Халқымның жылдар ғана емес, ғасырлар бойы жинап, бізге жеткізген ұлттық болмысына жаһанданудың әсері оң деп санаймын. Оған 3 дәлел келтірсем:
Бірінші дәлел-жаһандану жолындағы ұлттық болмыстың өсуі. Заман талабына сай, әлеуметтік желі мен медиа салалары арқылы ақпараттар секунд сайын бір нүктеден екінші нүктеге жеткізіліп жатады. Ал оның ұлттық болмысқа пайдасы аз емес. Қазақ мәдениеті мен тарихы дәл осы күнделікті әлеуметтік желілер арқылы танылуда. Мысал келтірер болсақ, тикток немесе инстаграм сынды желілерде қазақ халқының дәстүрлері, көркем поэзия оқу, қазақтың сирек өткізілетін мерекелері жайлы аңғарып жатамыз. Олардың Қазақстан ішінде ғана емес, өзге елдерге таралып, вирустық видео атанып, әйгілі болу ықтималдығы өте жоғары. Informburo деректеріне сәйкес, соңғы жылдары қазақ тілін білетін адам саны бойынша 22 миллионнан асқан еді. Бұл деректен жаһанданудың ұлттық болмысты жоюдың орнына оны күллі әлемге танытып жатқаны жайлы көрініс табамыз.
Екінші дәлел-жас буынның болашағын қамсыздандыру. Жаһанданудың маңызды қасиеттерінің бірі-даму мен жаңашылдыққа жол ашуы. Бұл қасиет өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі болады деген ойдамын. OUP Academic зерттеулеріне сүйенсек, «Жаһандану балалардың білім мен дағдыны қабылдауында заманауи орта маңызды рөл атқарады». Мысалы, қазірдің өзінде балалар технологияны ерте меңгерудің арқасында онлайн-курстар мен халықаралық конференциялар арқылы жоғары деңгейде білім алуда. Бұл білім олардың елдің дамуына үлес қосуларына болашақты мүмкіндік береді деген сөз. Сондықтан жаһандану жас ұрпақтың ойлау қабілетімен, заманауи дағдылармен қаруландырып, болашаққа дайындайды. Жалпы алғанда, жаһандану кішкентай қандастарымыз үшін үлкен мүмкіндіктер. Себебі ел болашағы-жастардың қолында.
Үшінші дәлел-әлемдік жырақтағы бауырлар. «Әр қазағым-жалғызым» дегендей, шетелде еліміздің ұлттық болмысын көтеріп, абыройын көтеріп жүрген аға-әпкелеріміз жетерлік. Жаһандану үдерісі өнер мен шығармашылыққа бай адамдардың шетелге шығу мүмкіндігін қалыптастарды. Оларға мысал келтіретін болсақ, Димаш Құдайбергенұлы. Ең мықты әрі еңбекқор жерлес. Өз өнерін қазағына танытып қана қоймай, барша әлемге паш еткен өнерін әлемдік деңгейдегі өнер адамдары жоғары бағалады. Әсерінен әлемнің түкпір-түкпіріндегі қара халық қазақ тілімізді меңгеріп бастады. Жаһандану ұлттық болмысымызды танытып, мәдениетіміздің абыройын көтеруге жол ашты.
Сараптай келе, жаһандану әлемнің бір бөлшегін алып жатқан маңызды құбылыс. Біреу үшін пайдасын, біреу үшін зиянын
тигізуі мүмкін. Ұлттық болмысқа қатысты бұл үдерістің жалпы сипаты мемлекетімізді дамушы елдердің қатарына қосып, нақты мақсат пен қадамдар арқылы көркейтіп, кешегіден де жаңғыру. Оның ұлттық болмысты жоймай, тарих пен тілімізді есепке ала отырған дамушы күші қоғамға өте пайдалы. «Өткенін білмегеннің болашағы бұлыңғыр» дей келе, бүгінгі жетістіктің еңбегі кешеден басталған еді.
Айдана КОПЖАН,
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы
«№2 Мәртөк мектеп-гимназиясының» 10 «Б» сынып оқушысы





