«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Шығармашылық

Ардағымсың, әкешім өмірдегі

Ардағымсың, әкешім өмірдегі,

Өзіңсіз бұл өмірім  өмір ме еді.

Алаңдаумен өткізген  әрбір күнің,

Мына ұлыңның жүрегіне сезіледі.

***Асқартауым, әкешім панам болған,

Өзің берген тәрбиеңмен адам болам.

Көрсеттің өнегенің өр шыңын,

Санамда жаңғырып, мәңгі қалған.

***Әке жаным, өшпейтін — шам шырағым,

Көрсеттің өмірдің бар сыр ағынын.

Қарыздармын әкешім бір өзіңе,

Біз үшін арнаған өміріңдегі ер ісіңе.

***Алаң болма, әкешім қос ұлың барда,

Жеткізеді әлі талай армандарға,

Біз тілейміз денсаулық пен амандығың.

Аман болшы әкешім, асқар тауым!

ТІЛЕПБАЙ  Саян Режепбайұлы,

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы,

«Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің»

10 «Ә» сынып оқушысы.

Жетекшісі: Танысхожаева  Гулбайра  Беделханқызы

Сурет:https://yandex.kz/

 

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Асыл анама

farabi shakirti shakirti

Анама

Бес айдағы белес