«Зерек» оқу орталығы бастаған игі бастама

«Кітапты дос қылған — азат ойлай білетін адам», —  деп түркі халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері  Әлішер Науаи кітап оқудың адам баласына үшін маңызын айтып кеткен.  Ұлы  ғұламаның туған күні қарсаңында,  Түлкібас аудандық «Зерек» оқу орталығының ұйымдастыруымен  үздік оқырмандар арасында  кітап оқу байқауы өтті.

Байқауда «Отбасы» хрестоматиясы баспасының «Тозақтан өткен тағдыр» кітабын оқырманмен қауыштыруды мақсат  етті.  Атап айтсақ, автор Бағлан Оспанұлы әкесі Оспан Ақылбековтың басынан өткен сан қилы  тағдырын баяндаған. Байқауға жалпы  аудан бойынша 15 адам тіркелді.

Байқау шарты бойынша кітаптан 25 сұраққа тест сұрақтары әзірленді. Тест 2- нұсқада дайындалып, қағаз түрінде ұсынылды. Қатысушыларға 30 минут уақыт берілді. Тест нәтижесі бойынша 1-орын Шарипбаева Жұмахан, 2-орын екі кісі Баймусаев Амирхан ата және Көпжасаров Қайрат иеленді. 3-орын Исмайлова Бағилаға бұйырды.

Жүлделі орындарға ие бол-ған оқыр-мандар ақшалай  сыйлықтар берді.

Қалған қатысушыларымыз Алғыс хатпен маратталып, арнайы сыйлықтар иеленді.

Байқауды кітаптағы басты кейіпкері Оспан Ақылбековтың күйеу баласы Койшыманов Алибек арнайы  жүргізді.

Ұйымдастырған Койшиманова Мадина Даулетбекқызының бұл бастамасы —  Түлкібастағы кітапқа құштар азаматтар санын арттыру. Жоба жалғаса берсін!

ТОПАНБАЙ Мейірхан Мейрамбекұлы,

Түлкібас аудандық орталықтандырылған  кітапханалар жүйесі

Тастұмсық ауылдық кітапханасының кітапханашысы,

Ф.ғ.к.аға оқытушы Кайырбекова Ұ. С.

Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің

«қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының магистранты