«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Мектеп - кемеңгерліктің бастауы

Он бір жылдық сериалдың соңғы бөлімі…

Мектеп қабырғасында өткен уақыт — жүректе сақталған ең әсерлі кадрлар жиынтығы. Көз алдымда бір сынып ішіндегі тарих әрі естелік мәңгілікке сақталады. Балалық шақтан болашаққа қадам басуымызға санаулы күндер қалды. Бұл дегеніміз — мектеп дәуірі аяқталып, арман жолының басталуы.

11 жылымыз бір ғұмырдай өте шықты. Іштей толқу, қобалжу, қимастық сезіле бастады. Бұл тек бастамасы. Ақ бантикпен ақ арманға жетуге сәл — ақ қалды. Кеше ғана 1 — сынып едік. Алғашқы қоңырау сәтіне ата — анамызбен келіп, мектеп табалдырығын аттаған болатынбыз. Уақытта зулай өте шықты. Ал, қазір арманға апарар алтын көпірмен қоштаспақпыз.

Әр жылы болатын алғашқы қоңырауға бір үмітпен келеміз. Сыныптастарымды, сынып жетекшімді, мектептегі жылы атмосфераны көріп, іштей жәй табатын едім. 1 — сынып ішінде түрлі оқиғаны бастан өткердік. Бір күлдік, бір жыладық. Келіспеушіліктің  өзі қалыпты жағдайға айналып кетті. Дәл осы сәттерді бағалай біл.

Біздің 11 жыл бойы түсірген сериалымыздың аяқталатын сәті келді. Соңғы қоңыраудың сыңғырын естіген тұста «Түсірілім аяқталды, бұл — финал!» деген сөзді естуге даярмыз. Ендеше, камера тоқтады, естелік қалды. Алайда, камера өшкенімен, армандар жана береді. Бұл жазылған сценарий емес, шынайы естелік. Ең қызық бөлімі енді басталмақ. Жаңа таныстық, жылы орта, ересек көзқарас. Біз өз өміріміздің режиссері, операторы, актері болуымыз міндетті.

НҰРЛАН  Аружан  Мәлікқызы,

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы

«С.Керімбеков атындағы орта мектептің»

11 «А» сынып оқушысы

Сәйкес жаңалықтар

Мектеп – мейірім қайнары

18-ге толмаған бала түнде қоқыс тастауға шыға ала ма?

Тәрбие талбесігі – ата-ананың мейірімінде