Еліміз өркендеп, алға қарай қадам басып келе жатыр. Күн санап жаңа келісімшарттар, жаңа қарым-қатынастар, жаңа бастамаларға қол жеткізіп жатырмыз. Елімізді өзге елдің басшылары сертіне берік, сенімді серіктес ел деп бағалайды. Бұның бәрі жүйелі саясат пен ойлы дипломатияның арқасында жүзеге асып жатыр. Қазақстан ядролық қарудан бас тартқалы бері тек бір мақсатқа жұмыс жасады, ол — шекарасы шегенделген мәңгілік бейбіт ел болу еді. Бүгінде ел іргесінің берік болып, іргелес көрші елдермен тату болғанымыз – осы мақсаттың орындалып келе жатқанының айқын дәлелі.
Түбі бір түркі жұрттары арасында өз орнымызды қалыптастырып, сенімді серіктеске айналғанымыз – еліміздің ішінде білімді, қолынан іс келетін жас та қажырлы, ұлтжанды мамандарымыздың бар болғанының арқасы. Бізге әрі қарай да тұғырлы тәуелсіздігімізді мәңгі сақтап, еңселі ел болу үшін осы қалыппен алға қарай жылжу керек.
Қазақстан мәңгілік бейбіт жолды таңдаса ғана шекарамыз тыныш, көршілес елдермен оң қарым-қатынаста боламыз. Әрбір бейбіт күн бізге алға қарай дамуға, Қазақстанды әлемдік аренада жаңа қырынан көрсетуге мүмкіндік береді. Мәңгілік бейбітшілікке бастар жол ойлы дипломатия.
СЛАМЖАНОВ Бекзат,
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы
«№ 24 лицейдің» 11-сынып оқушысы.
Жетекшісі: Жандарал Рыскүл Байжұмақызы,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
