«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Басты ақпарат

Еліміздің тұғыры биік, рәміздері мәңгілік болсын!

Рәміздерім — ұлттың басты нышаны

БӨКЕН  Қазбек  Маратұлы,

филолог-ақын

Әнұраным жігерімді жаниды,
Қазақ елін бүкіл әлем таниды.
Гүлдендірді, түрлендірді жерімді,
Елін сүйген азаматтар жаны игі.
*Елтаңбам мен елдігімді бәрі ұққан,
Айналайын қазақ деген халықтан.
Күн бейнелі шаңырағым нұр шашып,
Уықтары бірлігімді танытқан.
*Жұлдызым тұр жарқыраған жоғары,
Қонақжаймыз арылмаған қонағы.
Мызғымаса бірлігім мен тірлігім,
Бағымыз боп, бақыт құсы қонады.
*Ай мүйізді алтын қанат пырағым,
Қайсарлықтың бейнесі деп ұғамын.
Бабалардың рухынан қуат ап,
Бейбітшілік күзетінде тұрамын.
*Көгілдір ту бейбіт ашық аспандай,
Күн шуағын қазағыма шашқандай.
Қыранымыз қалықтаған биікте,
Асқар шыңға жол көрсетіп ашқандай.
*Ою-өрнек туға көрік береді,
Ел өнерін жаһан көріп келеді.
Сайысқанда өнер-білім, спорттан,
Ту соңынан ұл мен қызым ереді.
*Рәміздерім — ұлттың басты нышаны,
Адал досқа ашық қазақ құшағы.
Көздегенін бағындырған қырандай,
Шың-құз асып, көкте биік ұшады.

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Курмин ауылы
Курмин жалпы білім беретін мектебі

Дереккөзі: https://bilim-all.kz/olen/4890-ramizderim-ulttyn-basty-nyshany

Сәйкес жаңалықтар

«Қазақстанда адамды ұлтына, тіліне, дініне қарай кемсіту ешқашан болған емес, болмайды да»

farabi shakirti shakirti

Мемлекет басшысы Шахмат үйіне барды

Мемлекет басшысы Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады