«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Телефонға тәуелділік-жаңа ғасыр дерті ме?

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

ХХІ- ғасыр-технологияның өршіп, жаһандану үдерісінің артып, ал ақпарат әлемінің үздіксіз айналымда жүретін дәуірі. Бұл дәуірмен бірге зуммер және альфа атты буындар дүниеге келді. Алдамшы нәрестеге телефон ұстатып, «шаруа» деген сылтаумен миларын иемденетін төртбұрышты әлемге кіріп кетеді. Бір сұрақ: бұл жаңа ғасыр дерті ме?

«Таяқтың екі ұшы бар» дегендей, телефонға тәуелділікті ақтап шығуға болады. Дамыған заманның терезесіне үңілсек, жалақысы бір машинамен тең мамандықтардың бәрі онлайн түрде жүргізіледі. СММ, маркетинг, мобилография тектес жұмыстар 24/7 уақытыңды телефон алдында өткізуіңе себепкер атанады. Сырт көзге бұл «телефонға тәуелділік» болып көрінуі мүмкін. Статистикаға сүйенсек, Қазақстандағы 394 мың адам отбасын асырау мақсатында онлайн жұмыстардың құрбаны ретінде саналады. Тіпті бүлдіршіндердің Tiktok, Instagram қолданбаларында уақыт өткізуі тәуелділік емес, танымалдылық жинап, отбасылық бюджетке үлес қосу мақсатында екені дәлелденді. Яғни, біреулер үшін «дерт» көрінген құрылғы, екінші біреу үшін «табыс кілті» саналады.

Әр жақсының жаман тұсы бар. Далаға шықсаң, баладан бастап қарияға дейінгінің қолында әлемнің бүкіл ақпаратын жинайтын төртбұрышты құрылғы. Үйде қамалып отыруға да, далада өз шаруаңды тындыруда да, қолдан түспейді. Ал ең осал тұсы не десеңіздер, бұл-уақыт тапшылығы. Күні-түні өзгенің «мінсіз өмірін» қараймын деп, сол өмірді өз қолыңмен жасаудың орнына еріншектігің ұстап, көреалмаушылық пайда болады. Заманның қаталдығы ма, жоқ әлде ұялы телефонның салдарынан ба, қос ғашықтар айырылысып жатады. «Біреуге лайк басты» не «хабарламаға жылы жауап бермеді» деген шағымдар көбеюде. Ал емтиханға дайындалып жүрген оқушы уақытын тиктоктағы мемдер мен сериалдарға құртады. Сарапшылардың айтуынша, телефонға тәуелділікпен зардап шегетін халық 66 пайызға көбейді. Бұл «жаңа ғасыр дерті» болуы мүмкін.

Түйіндей келе, технологияның дамуы жоғары деңгейде. Ал оның әсерінен пайда болған «телефон» атты құрылғыны пайдалану мақсаты әмбебап. Мәселе де сонда, бұл жай ғана «құрылғы». Оны өз өмірімізге әкеліп, қолдану аясын өзіміз шешуіміз керек. Біреу үшін «табыс кілті» болса, біреуіне «байланатын жау» болып келеді. Сондықтан өмірімізді қолға алып, болашағымызды қамтамасыз етейік. Ал телефон жай ғана көмекшіміз болып қала берсін.     

 Айдана КОПЖАН,

 «№2 Мәртөк мектеп-гимназиясының» 10 «Б» сынып оқушысы,

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі.

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы

Сәйкес жаңалықтар

Айтыс – ғасырлар мұрасы

Махаббат отбасының ерлігі

Аналық айыппұл?