«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Арт-терапия: Ішкі мазасыздықты сурет, жазу немесе музыка арқылы шығару

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

Арт-терапия-адамның психологиялық ішкі күйінің шығармашылық көрінісі. Алайда оны шығару оңайға соқпайды. Біреулер оны эмоциялық тұрғыдан көрсетуі мүмкін. Мысалы: жылау, ашулану, көпшікті ұру, т.б. Ал кейбіреулері, өнерге жақын адамдар оны арт-терапия арқылы шығарады. Мысалы: сурет салу, өлең жазу, киім тоқу, т.б.

Ол қалай іске асады? Психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, адам ішіндегі алай-дүлейді бастан кешу кезінде оны сыртқа шығаруы міндетті. Егер сыртқа шығармаса, денсаулыққа септігін тигізуі әбден мүмкін. Себебі ішкі мазасыздықтан жиналған массалық мәселелерді уайымдау қан қысымының көтерілуіне, бас ауруына, ал диагнозы бар адамдардың ауру жерлері дабыл соғады.

Ал шығармашылық істер-ең тиімді жол. Мысалы, адамның ашу-ызасы бетіне шығып, қан қысымы көтеріледі. Қарапайым қағазға шимай сызып, гүлдің суретін сызу арқылы іштегі мазасыздықты қағаз бетіне түсіреді. Немесе көптен бері уайым болып жүрген мәселені басу үшін сүйікті музыка тыңдау керек. Отбасылық шиеленістер мен қос жұбыңмен айырылысу барысында мұңыңды қағаз бетіне жазу ішіңді босатады. Ақыл не суретші болу маңызды емес, біздің басты мақсатымыз-адамның ішкі күйін шығармашылық тұрғыдан реттеу.

Пайдасы қандай?

1.Стресс деңгейін төмендету: Арт-терапияның негізгі нюанстары-стресс деңгейін төмендетеді. Өлең жазу, сурет салу, ән айту арқылы ұзақ стресті кішігірім уақыттың арасында шығарамыз. Тіпті мен өзім де отбасыммен түсініспеушлік, мектеп өміріндегі мәселелерге басымды ауыртсам, оны шығармашылық тұрғыдан шығарамын. Нәтижесінде үлкен мәселені стресс қылмай, кейін асықпай, ойланып шешімін табамын.

2.Басылған эмоцияларды қауіпсіз жолмен шығару: Көпшікті ұру, столды төңкеру не жаман көңіл-күйіңді басқа адамға тарату-қате түсінік. Қанша жерден ішіңдегі ауыр эмоцияларды физикалық түрде шығарсаң, жақсылыққа апармайды. Керісінше, басылған эмоцияларды өте салмақты, қауіпсіз түрде шығарамыз. Агрессия, жылау, ашулану шығармашылық терапия арқылы өзіңе де кері әсерін тигізбей шығарылады.

3.Сенімділікті арттыру: Ішкі күйзеліс пен мазасыздықты арт-терапия арқылы шығару адамның сенімділігін арттырады. Өзі аз болып тұрған энергияны эмоцияға арнаудың орнына, асықпай, салмақты әрі қауіпсіз жолды таңдайсың. Өлең айту не хат жазу энергияны сақтап, ішіңді босатады. Аз уақыттың ішінде есіңді жиып, өз-өзіңе келіп алсың. Нәтижесінде сақталған энергия адамның сенімділігіне айналады.

 Айдана КОПЖАН,

 «№2 Мәртөк мектеп-гимназиясының» 10 «Б» сынып оқушысы,

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі.

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы

 

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекет басшысы ғалымдарды марапаттау рәсіміне қатысты

Адам жанына араша болған дәрігерлер

farabi shakirti shakirti

Отбасы – адамның ең ыстық, мейірім мекені