«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Ой мен арманның көрінісі-визуализация

📸 Сурет: ЖИ көмегімен жасалынды (Жасанды интеллект).

Жолдаған: автор Менгельс  Арай

Визуализация – психологиялық құбылыс. Ол адамның ойындағы ақпаратты, идеяны, мақсатты немесе қиялындағы бейнені көзге көрінетін образдар арқылы көрсетуі не санасында елестетуі. Қарапайым тілмен айтқанда, визуализация – ойды белгілі бір бейнеге, көрініске айналдыру.

Адамзатқа бұл құбылыс не үшін қажет?

  1. Мақсатты айқындау. Адамның қандай нәтижеге қол жеткізгісі келетінін нақты түсінуіне көмектеседі.
  2. Есте сақтауды жақсарту. Ақпаратты сурет, сызба және бейне арқылы қабылдауды жеңілдетеді.
  3. Зейінді шоғырландыру. Назарды маңызды ақпаратқа бағыттайды.
  4. Шығармашылықты дамыту. Жаңа идеялар мен тың шешімдер табуға ықпал етеді.
  5. Өзіне деген сенімділікті арттыру. Алдағы әрекеттерді ойша елестетіп, мақсатқа жету жолында дайындалуға мүмкіндік береді.

Визуализацияны тек армандаумен шатастырмаған жөн. Себебі ойша елестетудің өзі мақсатқа жеткізбейді. Ол нақты жоспармен, тұрақты еңбекпен және әрекетпен ұштасқанда ғана пайдалы құралға айналады.

Адамның ойында қалыптасқан бейне – болашаққа бастайтын алғашқы қадамдардың бірі. Армандау да, өзіңді биіктен көру де маңызды. Алайда мақсат пен мұратқа жету үшін тек қиялға берілмей, алға ұмтылып, еңбектену қажет. Нағыз нәтиже – ойдағы бейнені шынайы өмірде жүзеге асыра білу.

Болашақты елестету маңызды болса, оны жүзеге асыру одан да маңызды.

МЕНГЕЛЬС  Арай,

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,

Гагарин ауылындағы

«Талғат Бигелдинов атындағы ЖББМ» КММ

11 – сынып оқушысы.

Республикалық  «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік

басылым-сайтының  Жас  тілшісі

Сәйкес жаңалықтар

Республикалық «Farabi shakirti» журналына келесі жылға жазылу жалғасуда

 Абыройлы қарттарым, бақ шынарым,

farabi shakirti shakirti

Достықтың дәнекерлері алған марапат