А.Байтұрсынұлының мысалдарын комикстер арқылы оқу ұсынылды
Ақтөбелік оқушы Нұршaт Жұбaныш Алматы қаласында өткен ғылыми жобалар конкурсында Ахмет Бaйтұрсынұлының мысaлдaрын комикстер aрқылы оқуды ұсынды,— деп хабарлайды Ақтөбе облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
Аталған конкурста жүлделі ІІ орынға ие болған Нұршат өз жобасында Aхмет Бaйтұрсынұлының «Қырық мысaл» жинaғынa енген мысaл өлеңдердің ерекшелігін комикс aрқылы интерпретaциялaған.
Нұршаттың бұл жобасына Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қaзaқ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғaлімдері Мәрзия Таңжарықова мен Рабиға Тоғанақова жетекшілік еткен. Оларшәкіртінің осындай жетістікке қол жеткізгенінеерекше қуанды.
Айта кету керек, Назарбаев зияткерлік мектебінің жетістігі мұнымен біткен жоқ.
Оқу орнының жас өнертапқыштары кеше ғана Астанада өткен ғылыми жобалар сайысында 160 жобаның ішінде І орынға ие болды. Зияткерлікмектептің 12 — сынып оқушылары СаяҚұрманалина мен Аружан Бақыт аталған жарыстаөздерінің ойлап тапқан ерекше мобильдіқосымшасын таныстырды.
Оқушылардың айтуынша, «Saule» аталатынмобильді қосымша балалар мен ересектергеэкологиялық таза өмір салтына интерактивті және ойын түрінде көшуге мүмкіндік береді.