Достық
Достық ұлы сезім. Өйткені дос деген барлық адамға керек. «Досы көпті жау алмайды», — деп бекерге айтпаған ғой. Адам қиналса да ,қуанса да жанына әрқашан досын іздейді. Досы жоқ адам қанаты жоқ құспен тең. Өзі алты ақ әріптен тұрса да мағынасы тереңде жатқан сөз. Жай айтып қоятындай мәнсіз сөз қатарына жатпайды.
Достық бұл жас таңдамайды. Достықтың өзінің бірнеше түрі бар. Амал дос, адал дос, арам дос.Қайдан дос тапсаңда ескі досқа жетпейді. Жаңадосты тапсаң да ескі досты ұмытпа деген бар емеспе? Досты адам түріне, жұмысына, оқуына, киіміне, дәрежесіне қарай таңдауға болмайды. Қиын сәттежаныңнан табылған дос шынайы дос. Сол достыңқадірін ешқашан ұмытпау тиіс.
«Доссыз өмір – тұссыз ас», — демекші досың жоқболса өз пікіріңді кіммен талдайсың,кім саған ақылкеңес айтады. Тұзы жоқ тағамды жеуге келмейтінісекілді,өмірдің сәні де, мәні де болмайды. Достықты бағалай білген адам дос болудың жолынбіледі. Адам түгілі жануар да дос болуды қалайды. Жеті қазынаның бірі итте адамның досы болыпсаналады. Уақытша дос болатын, қазіргі заманғасай достарда табылады. Қалтаға, мансапқа қарайадамды алдай білетін достар да болады. Тек ондайдостарды уақытында ажырата білуің тиіс.
Мен өзім достық қадірін білетін жанның бірімін.Біреуге ренжісем де кімдікі дұрыс, кімдікі бұрысдеп досыммен ақылдасамын. Ішімдегі сырымдыдосыма айтып жеңілденемін. Өзімде дос көп, біраққай досқа қай уақытта не айтуға болатынынтүсінемін. Достарыммен үнемі кездесіп отырамын.Оларда маған керек кезінде өз ойларын айтыпортаға салады. Қуанышымыз әрқашан ортақ. Достарыма құшағым ашық. Дос боламын дегенгекөңіліміз таза. «Жүз теңгең болғанша , жүз досыңболсын», — деген бар емес пе қазақта.
Достықтың шегі болуы мүмкін емес. сен оменөмір бойы дос болсаң да көп болмайды. «Қолда бар алтынның қадірі жок», — демекші жанымыздағыадал, шыншыл достарымызды бағалай білейік.
НҰРДАУЛЕТ Баура,
Еңбек орта мектебі — Өрнекбастауыш
мектебімен КММ 8 «Ә» сынып оқушысы
Жетекшісі: КЕКЛОВА Алма Мукамгалиевна