«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Білім

Оқушылар мен студенттердің қоғамдық жұмыстарға қатысуына бола ма?

         Ол үшін баланың ата-анасы немесе заңды өкілдерінің бірінің және білім беру ұйымының жазбаша келісімі қажет.

         Оқушылар мен студенттердің қоғамдық жұмыстарға қатысуына бола ма? Бұл туралы «Ашық диалог» порталының қолданушысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновадан сұрады.

        Министрдің жауабына сүйенсек, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен студенттер оқудан бос уақытында қоғамдық жұмыстарға, денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға қатыса алады.

        Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы №516 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында» жазылған.

             Жалпы білім беретін мектептің 16-18 жастағы оқушысы немесе студент қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін:

  • өтініш;
  • ата-анасы немесе заңды өкілдерінің бірінің жазбаша келісімін;
  • білім беру ұйымының оқу процесінен тыс қоғамдық жұмыстарға қатысуға жазбаша келісімін өткізуі керек.

 

 

                                                                              inform.kz

Сәйкес жаңалықтар

Алматылық оқушылар математика және механика бойынша халықаралық байқауда жеңіске жетті

Алматылық студент ғылыми жобасы үшін миллион теңге ұтып алды

farabi shakirti shakirti

Тегеранда «Әлем балалар көзімен» атты қазақстандық балалар суреттерінің көрмесі өтті