Қарағандылық оқушылар көршілерін өрттенқұтқарды

  Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев егдежастағы көршілерін өрттен құтқарғанқарағандылық оқушыларға, ағайынды Ерасылмен Қанат Смағұловтарға алғыс хат жолдады. 15 жастағы Ерасыл мен 14 жастағы Қанаттыңбатылдығының арқасында өрттен ешкім зардапшеккен жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпараттықагенттігі.

    Еліміздің бас ұстазы Қарағанды қаласындағы №12 мектептің оқушыларына өртті сөндіру кезінде қайсарлық пен батылдық көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

   «Сендерге адам өмірін құтқаруға қадам басқан ержүрек батырлықтарың үшін зор алғысымды білдіремін. Өз өмірлеріңе қауіп төніп тұрса да, тәуекелге бел буып, нағыз ерлік жасап, үлкенқайғының алдын алдыңдар.

Мұндай әрекетке барудың өзі үлкен жүректілікпен батылдықты, қайсарлықты талап етеді. Жасаған қадамдарың рухы берік, нағыз батырдыңәрекеті деп білемін.

    Сендер болашақта ата-бабамыздан мирасболып қалған еліміздің кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғайтын, халықтыңмақтанышына айналатын нағыз патриот азаматболып шығатындарыңа сенімім мол.

   Болашақтарың жарқын болсын!», – деп жаздыминистр жолдаған алғыс хатында.

   Естеріңізге сала кетейік, ағайынды Ерасыл мен Қанат Смағұловтар көршілерінің көмек сұрағанайқайын естіп, өрт сөндірушілерді шақырған жәнеолар келгенге дейін өртті өздері сөндіре бастаған.