«Туған тілім – тірлігімнің айғағы»

Тіл – мемлекеттің басты белгісі, елдің негізі. Ол адамзатты байланыстыратын, ой мен сөздің тасымалдаушысы ғана емес, ұлттың өзегі, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бабалар мұрасы. Біз бұл бай мұраны бағалаймыз. Өздеріңіз білесіздер, мемлекетіміздің негізгі тілі – қазақ тілі. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында нақты көрсетіліп, мемлекеттік тіл болып белгіленген. Естеріңізде болса, бұрын бұл мереке қыркүйек айының үшінші жексенбісінде тойланатын. Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің өзін-
дік сыры бар.

     Өйткені бұл күн – халқының азаттық жолына басын тіккен, ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Тіл мерекесін «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды» деп, қоғамдық сананы тіл тазалығын сақтауға үндеген Ұлт ұстазының туған күніне орайластыру – тәуелді санадан құтылғандығымыздың жарқын бір көрінісі, елдігіміздің бір айғағы. Қазір елімізде қазақ тіліне деген қызығушылық артып келеді. Оның айқыннәтижесі – іс қағаздарының міндетті түрде қазақ тілінде жүргізілуі, сондай-ақ қазақ тілді балабақшалар мен мектептердің және тіл үйренушілер санының артуы. Тілдерді мерекелеу күні Тілді құрметтеу ғана емес, сонымен қатар елдегі ұлтаралық келісім мен рухани ынтымақтастықтың құралы болды.
Осы мерекеге орай Сағи Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасында ақпараттық сағат өткізілді. Іс – шарамызға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының кітапхана меңгерушісі Нүргул Нұрдаулетқызы, Ақтөбе қаласының кітапханашылары және оқырмандары келіп, кітапханамен
танысты. Мерекемізге қатысты «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты кітап көрмесі таныстырылды, сондай-ақ білімді тексеру және сергіп алу мақсатында «Полиглот»ойынын өткіздік. Әрі қарай, ақпараттық сағатта поэзия оқылып, онда әр адамның міндеті – өз ана тілін құрметтеу екені айтылды. Тіл жоғалса, бір ұлт
жойылатынын, алдыңғы буын кейінгі ұрпаққа әрқашан ана тілін сақтауға нұсқау беретінін, тіл жоғалса, тұтас бір ұлттың жойылып кетуі мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Тіл күніне арналған мерекелік іс-шара соңында Нүргул Нұрдаулетқызы және С.Жиенбаев кітапханасының бөлім меңгерушісі Алтынгуль Асқарқызы жылы
лебіздерін білдіріп, аға буынның міндеті – жас ұрпақты ана тілін құрметтеуге,
қастерлеуге және тәрбиелеуге шақырды. Тіл – сарқылмас байлық. Қазіргі заманда ата-баба мұрасын көздің қарашығындай сақтау, жаңашылдықты елең еткізіп, ана тілін жаңа белеске шығарудың маңызы зор екені айтылды.
Утепбергенова Аяжан
Сағи Жиенбаев Ақтөбе
облыстық жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы