Атом электр станциясы әлемнің 32 елінде бар
Атом электр станциясы әлемнің 32 елінде бар. Жалпы алғанда оларда 400-ден астам ядролық реактор жұмыс істеп тұрса, 60-сы жаңадан салынып жатыр. Ал әлемдегі ең қуатты атом электр станциялары Жапония, Оңтүстік Корея, Франция сынды бірқатар елде орналасқан.
Олардың ең қуаттысы — Жапонияның «Касивадзаки-Карива» станциясы. Ол 8 мың 200 мегаватт қуат өндіреді. Бұл — ондағы жеті ядролық реактордың жиынтық энергиясы.
2-ші орында Оңтүстік Кореялық «Ханул» АЭС-ы тұр. Оның қуаты 7 600 МВт-тан асады. Канаданың Онтарио қаласында орналасқан «Брюс» атом электр станциясы
3-орында. 8 қысымды ауыр су реакторынан 6800-ге жуық МВт энергия шығады.
4-ші орындағы Қытайдың «Янцзян» станциясы Оңтүстік Қытай теңізі жағалауында орналасқан. Оның электр қуаты 6500 МВт-тан асады.
Одан кейінгі – Оңтүстік кореялық «Ханбит» атом электр станциясы. Таза қуаты — 5924 МВт.
6-орында 5700 мегаваттық украиналық «Запорожье» АЭС-ы.
Жетінші,8-ші және 9-шы орындар Францияға тиесілі. Мұнда «Гравелин», «Палюэль» және «Каттеном» атты үш ірі ядролық нысан бар.
Ал Оңтүстік кореялық «Кори» атом электр станциясы оныншы орында тұр.
Qazaqstan телеарнасы
Сурет: Gov.kz