Адамзат баласы мына қара жерде пайда болғалы беріне бір оқылым заманалар өтіп, қаншама ұрпақтар жалғасын табуда. Алайда, өзге жаратылыстардан адамзат баласы ақылды сана–сезімі күшті болғанымен нағыз әділетті, нағыз мамыражай қоғам құра алмай келеді.

Адам баласы өмірге бір–ақ рет келеді. Бұл жалған ешкімге мәңгілік, тұрақты емес. Әркім жарық дүниеде еркіндік пен бостандықта өмір сүргісі келеді. Әрине, адам жалғыз өмір кеше алмайды, қоғамдасып өмір сүреді, қоғамның белсенді субъектісі. Адам қоғамдық құрылымда, оның бірлігінде, институттарында,  ұйымдарында, әрекет ететін шешуші тұлға. Сөйтіп, адам біртұтас, әлеуметтік жүйеге яғни, қоғамға бірігіп өмір сүреді. Алайда, қоғам деген құпиясы терең, күрделі материя. Қоғам деген түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Нақты айтқанда қоғам адамар алық қатынастарды реттей отырып, адамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, әрі рухани–мәдени құндылықтарды жасаудағы өзара байланыстарды реттейді. Қоғамдық қатынас өте күрделі әрі ерекшеліктерге толы. Ол – адам өміріндегі экономикалық әлеуметтік, саяси, мәдени салаларын реттейді, қоғамдық қатынас түрлерін жасайды. Қоғамдағы субъект топтық сипатты иеленеді әрі адам сол қоғамға енгісі келеме, жоқ па?

Соған қарамай өмір сүреді. Бұл ерекшеліктерсіз қоғам өмір сүру мүмкін емес. Жаратылы сәлем де, яғни табиғат және хайуанаттар да мен өсімдіктер де өмір сүріп олар да өз қағидаттарымен өмір кешуде. Олардың да өмір сүру заңдылықтары бар. Өмір сүру үшін талас–тартыстары жетерлік. Мысалы, биік ағаштар күн сәулесін өзі жұтып, пәстеріне жұтқызбайды, күшті хайуандар әлсіздеріне зорлық көрсетеді, т.т. Сол секілді адамдар да егер қоғамдасып, тәртіп орнатпаса, солар секілді, тіпті олардан да асып түсетіні шындық.

Қоғам дегеніміз адамдар арасындағы тарихи қалыптасқан саяси–әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың тұрақты жүйесі. Адамзат баласы пайда болғалы топтасып өмір сүріп кележатқаны тарихтан белгілі. Сонымен, қоғам белгілі бір өмірлік қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандыру үшін бірігіп еңбек ететін адамдардан құралады. Қоғамның ең кішкентай бөлшегі – отбасы. Философия және социология тарихының тұжырымдары бойынша адамның қоғамда, бірлікте өмір сүруі ұзақ тарихи дамуды басынан кешірген.

 

Інжу Жұмашқызы,

Еңбек орта мектебі және «Өрнек» бастауыш

мектебі 7 «А» сынып оқушысы.

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *