«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Тарих

Қасірет пен қайсарлық тоғысқан мекен – Алжир

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

Осыдан бір жыл бұрын Астана қаласына сапар шеккенімде жолай Малиновка елді мекенінде орналасқан АЛЖИР МЕМУАРЛЫҚ МҰРАЖАЙЫН тамашалап, экскурсия жасауды жөн көрдім. Жалғыз емеспін, жанымда болашақ журналистер мен режиссерлер де бар.

Бізді мұражай қызметкерлері жылы шыраймен қарсы алды, бір-бірден жан-жаққа мұқият зер салумен айналаны бір араласап шықтық. Мұражайдың үлкендігі соншалық, тіпті оқушылар бір-бірін таппай да қалды. Мұражай кешенін бізге Экспозоциялық-көрме және зерттеу бөлімінің маманы Бекжамал Жалғасова толық таныстырды.

Экскурсия барысында бұл жердің тарихы жай ғана өткен күннің естелігі емес екенін түсіндім. Әрбір зал, әрбір сурет пен жәдігер сол кезеңде өмір сүрген адамдардың тағдырын үнсіз баяндап тұрғандай әсер қалдырды. Әсіресе, жазықсыз жазаға тартылған аналардың өмірі туралы деректерді тыңдау өте ауыр болды.

Маған ерекше әсер еткені – әйелдердің қиын жағдайға қарамастан сағын сындырмай, балалары үшін, болашақ үшін үмітін жоғалтпағаны. Олар қандай қиындық көрсе де, адамгершілігін сақтап қалуға тырысқан. Осындай қайсарлықтың арқасында көптеген отбасы өмірін жалғастыра алды.

Бұл мұражайдан мен тек тарихи мәлімет алып қана қойған жоқпын. Өз тарихымызды білу, өткеннен сабақ алу қаншалықты маңызды екенін ұқтым. Себебі тарихты білетін адам ғана болашағына жауапкершілікпен қарайды.

Экскурсия соңында бәріміз ойға шомып шықтық. Осындай тарихи орындарға әрбір жас ұрпақ барып, өткеннің қасіретін көріп, елдің тәуелсіздігі мен бейбіт өмірдің қадірін түсінуі керек деп ойлаймын. Алжир мемориалдық мұражайы мен үшін ұзақ уақыт есте қалатын, ерекше әсер сыйлаған орындардың бірі болды.

ДАУЛЕТ  Ақтолқын

Павлодар облысы, Ақсу қаласы,

«Үштерек ауылы орта мектебінің» түлегі.

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі

Сәйкес жаңалықтар

Жошы ұлысына 800 жыл — 10 дерек

Биік таулар мекені — Нарынқол

MAIQY BIDIŃ NAQYL SÓZDERI