Сурет: ЖИ, жолдаған автор
Бүгінгі күнде шетелге көшкен жастардың саны шарықтауда. Алдымен жұмыс жасап, білім алу үшін барса, ақырында Қазақстанға қайтқысы жоқ. Неліктен?
Жастардың шет елдерге тұрақты көшу себептері:
• Қазақстандағы жұмыссыздық және төмен жалақы;
• Сапалы білім;
• Болашаққа сенімсіздік;
• Тұрмыс-тіршіліктің жақсы болуы.
Дәл осы себептердің кесірінен Қазақстан демографиясы бір қалыпта тұр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек: 2025 жылы Қазақстанға келгендер саны елден кеткендерден көп болды. Айырма – 16,2 мың адам. Мұндай деректерді 9 ақпанда Ұлттық статистика бюросы жариялады, Ulismedia.kz.
Бір жыл ішінде 23,8 мың адам келсе, 7,6 мың адам елден кеткен. 2024 жылмен салыстырғанда көш-қон белсенділігі төмендеген: елге келу 20,7пайызға, ал кету бірден 40,5 пайызға азайған. Дәл осы кетушілер санының күрт қысқаруы халық санының жалпы өсімін сақтауға мүмкіндік берді.
Білімімді жетілдіремін дегендерді қоспағанда, жоғарыда аталған проблемаларға шыдамаған кей жастар осылайша шетел асуға мәжбүр. Ол жақта да шекесі шылқылдамайтыны белгілі. Дегенмен, елімізге қарағанда қара жұмыс істесе де, біршама жақсы жалақы алып, еркін өмір сүруге бейімделіп қалғандары да жоқ емес. Тіпті кейбірі өздері білім алып не еңбек етіп жатқан елдерде қалудың қамын ойлап, азаматтық алуды көздеп жүргендер біршама.
Шетел асқан жастардың әңгімелерінен ұққанымыз, олардың Қазақстанға қол бұлғауының басты себебі тек білім алу ғана емес, жалақысы жоғары жұмыс табу, қаржылық мәселелерді шешу екен.
Ендеше, Елбасының 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауын нағыз дер кезінде жасалған қадам деп ұққанымыз жөн. Енді осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, өзіміз жиі айтатын «болашағымыздың» әлеуметтік жағдайына зер салып, оның шешу жолдарын тездетіп жүзеге асырғанымыз абзал.
СЕРІК Аяулым
Жамбыл облысы, Меркі ауданы,
Меркі ауылы, «№44 жалпы білім
беретін мектеп-гимназияның» 11-сынып оқушысы
Республикалық «Farabi shakirti» журналы
мен www.farabishakirti.kz желілік басылым
сайтының Жас тілшісі
