«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Бақыт – кішкентай сәттерде

Сурет ЖИ көмегімен жасалынды. Автор

Дүние есігін ашқан әрбір адам бақытты. Өмірді сонша қызықты етіп тұрған құдырет – бақыт екені хақ. Ақиық ақын М.Мақатаев атамыз жырлағандай:

Бақыт деген сенің бала күндерің,

Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.

Бақытын да басқасын да білмеуің,

Бақытсыз-ақ ойнағаның күлгенің.

Бақыт іздеп мал бақ, мейлің,  тас қала,

Бірақ, балам, мынаны естен тастама:

Бақыттысың, бақыт іздеп сорласаң,

Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!

Расымен де бой түзеп, өсе келе адам баласы бақытты аңсап, оны өмір бойы іздейді. Біреулері бақытты байлық, атақ, шен деп білсе, өзгелер арман мен махаббатқа жетуден іздейді. Бәлкім, бақыт біз ойлағандай үлкен жетістіктерде емес, күнделікті тіршілігіміздегі кішкентай, қарапайым нұрлы сәттерінде жатқан шығар. Мен үшін нағыз бақыт – таңның әсем нұры, жақындарымның күлкісі, денімнің саулығы. Мектепке кетерімде тоқаш пісіріп, қолыма ұстатып, маңдайымнан сүйіп, анамның мен үшін дұға еткені баға жетпес байлық.

Кейде уақытша дүниенің етегінде жүріп, бақытты болашақта , жырақта деп түсінеміз. Анығында бақыт бізбен бірге. Дәл қазіргі сәттерде. Оны сезіну үшін асықпай, айналамызға зер салып, шынайы өмірдің әр сәттерінен ләззат алуымыздың өзі жеткілікті. Жүрек тыныштығы мен жақындарыңның тынысын сезіну – нағыз бақыттың кілті.

НИЯЗБАЕВА  Шакира

                                                                         Алматы қаласы,

№58 ЖББМ 11-сынып оқушысы.

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Қоштасу емес, жаңа өмірдің бастауы

Бастауыш сыныптарға арналған құмыра шеберлігі

farabi shakirti shakirti

Журналист болғың келеме?

farabi shakirti shakirti