«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Шомылғанда судан сақ бол, балақай!

Сурет ЖИ көмегімен жасалынды. Жолдаған автор

Жарқын жаздың шырайлы күндері балалар мен ересектер үшін ең керемет мезгіл. Табиғат аясына шығу, суға шомылу осының бәрі көңілді көрінгенімен қауіпсіздік ережесі сақталмаса, арты толмас өкінішке айналуы әбден мүмкін.

Мұндай қайғылы оқиғалардың қайталуына негізгі себеп – қауіпсіздік ережелерінің дұрыс ескерілмеуі.

  • Тереңдігі тексерілген, ағыны орташа, арнайы суға шомылуға болатын жерлерді таңда.
  • Тереңдігі белгісіз, ластанған аумақтан аулақ бол.
  • Жалғыз шомылма. Жаныңда ересек адам болуы тиіс.
  • Балалар үнемі ата-ана қарамағында болуы абзал.
  • Өзіңе сенімсіз болсаң, бейтаныс жерге суға түспе. Бұны өзіңнен кішілерге де ескерт.

Сондай-ақ су астында 10-15 минуттан артық болуға болмайды. Суық судың салдарынан аяқ-қол тартылып, ағысқа қарсы жүзе алмау қаупі бар. Нәтижесінде қайғылы оқиға орын алуы мүмкін.

  • Алыс аймаққа жүзбе. Судың тығыздығы жоғары болғандықтан, шаршап қалуың әбден мүмкін. Осындай жағдайға тап болсаң, құрлыққа оралу үшін жағада жүзу керек.
  • Жүзбестен бұрын ақпараттық тақталарда тиісті белгілерге шолу жасап, оқып шық.
  • Алдын ала ауа райын бақыла. Қолайсыз ауа райында, әсіресе қатты жел немесе найзағайдың соғуы кезінде судан аулақ бол.

      Бұл маңызды ережелерді сақтай отырып өзіміздің де, өзгенің өмірін де қауіп қатерден сақтай алатынымызға сенімдімін. Жазыңды жайлы өткіз, балақай!

 НИЯЗБАЕВА  Шакира

  Алматы қаласы,

№58 ЖББМ 11-сынып оқушысы.

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі

 

Сәйкес жаңалықтар

Қоғам пікіріне тәуелді болу әлсіздік пе?

farabi shakirti shakirti

Қазақтың ұлттық әшекей бұйымы: қыздар шекелік таққан ба?

Телефонға тәуелділік – ХХІ ғасыр дерті