«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Музыка психологиясы: неге кей әндер тәуелді етеді?

? Сурет: ЖИ көмегімен жасалынды (Жасанды интеллект).

Жолдаған: автор Шакира Ниязбаева, @shakira.story

Музыка – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Ол тек көңіл көтеру көзі ғана емес, сондай-ақ психологиялық жағдай үшін  маңызды рөл атқаратын фактор.  Музыка  көңіл күйге, эмоцияларға, дофаминнің бөлінуіне және адамның психологиялық әл-ауқатына әсер етеді. Ғалымдар музыкалық талғам адамның психологиялық жай-күйімен, оның ішінде күйзеліс пен депрессия деңгейімен де байланысты болуы мүмкін деп тұжырым жасады. Депрессия қаупі жоғары адамдар тыңдау кезінде қайталануы жиі музыкаға көбірек тәуелді болады. Бұнымен қоймай, депрессиясы бар тұлғалар қайғылы музыкаға бейімділігі басым.

Шындығында, кей әндердің есте сақтауға оңай болуына ғылыми себеп бар. Біздің миымыз үлгілерді тануға жақсы бейімделген, сондықтан қарапайым, қайталанатын және эмоциялық тұрғыдан қызықты мелодияларды  жақсы сақтайды. Психологтардың айтуынша, бұл әуендерді «құлаққа жабысып қалатын ән» «earworms» деп атайды. Олар кейде еш тыңдалымсыз, өздігінен біздің ойымызда қайта-қайта ойналады.

  Неліктен кей әуендер миымызда қалса, басқалары тез ұмытылады?  Мелодия мен мәтіннің қайталануы әнді еске түсіруді жеңілдетеді. Құлақ қыртысы таныс дыбыстарды сақтай отырып, қайта ойнайды. Қуанышты немесе ностальгиялық әуендер есте жақсы қалады.

Музыканың ғылымын зерттей отырып, мидың дыбысты қалай өңдейтінін, кей әндердің неге ұмытылмайтынын және музыканттардың есте қаларлық мелодиялар жасау үшін жеңіл сөздерді  қолданатынын білеміз.

Earworms дегеніміз не? Earworm – адамның ойында өз бетінше қайталанып ойналатын ән. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, адамдардың 90 пайызы аптасына кемінде бір рет осы жәйтті сезінеді, кейбіреулері күніне бір емес, бірнеше рет байқайды.

    Қорыта айтқанда: Музыканың адам психологиясына әсері өте күшті. Кей әндердің бізді өзіне қайта-қайта тартуы жай ғана кездейсоқтық емес. Белгілі бір әнді естігенде ми бұрынғы оқиғаларды, адамдарды немесе сезімдерді қайта жаңғыртады. Сондықтан кейде бір ғана әуен бізді балалық шаққа, мектеп кезіне немесе ерекше сәттерге бірден жетелей алады. Бұл – мидың дыбысты өңдеу ерекшелігі, дофаминнің бөлінуі және эмоциялармен байланысты естеліктердің нәтижесі себебінен орын алады. Сондықтан музыка тек өнер емес, адам санасы мен сезіміне ықпал ететін психологиялық құбылыс болып саналады.

Шакира НИЯЗБАЕВА

Алматы қаласы Білім бақармасының

№58 ЖББМ  11-сынып оқушысы.

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі.

Жетекшілері: Сансызбаева Алтынай Косаумасқызы,

Шабарова Нуркуль Тилеукулқызы

Сәйкес жаңалықтар

СҚО-да 7 ауыл жабылып қалды

Ұлыстың ұлы күні – береке мен бірліктің жаңаруы

farabi shakirti shakirti

Көктемнің жүректерге шуақ шашқан мерекесі