Ғасырдан ғасырға ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген ұрпақтармыз. Сондықтан, кеше өткен заманда болашақ ұрпағы біздерге бүгінгідей  мамыражай, аспаны ашық, көк Туы заңғар көкке қарай желбіреген заман сыйлаған ер бабаларымыз бен қайсар мінезді апаларымыздың есімдерін ұмытуға хақымыз жоқ. Ел қорғаған батырларымыз бен  еркіндік жолында жан пида еткен жандардың рухы алдында қашанда бас иеміз. Өткен жүз жылдықтардың қойнауында жатқан бізге беймәлім дүниелер қаншама? ХХ-ғасырдың басында өткен ақтаңдықтардың әр парағын ақтарсақ, Алаш зиялыларының өмірімен танысамыз. Олардың ерлігі, отанғағ туған жерге деген сүйіспеншілігі, халқына деген адалдығы – жаңа заманның ұрпақтарына өнеге.

Алаш ардақтыларының арасында ұстаз да, қоғам қайраткері де, елім деп еңіреген жастардың да есімі аталады. Ғалымдарымыз, жазушыларымыз бен ақындарымыз тәуелсіздік жолында жанпида еткен зиялылардың өмірі мен ерлің істері туралы деректерді ұсынуда. Кеңес үкіметі бізге қимаған тәуелсіздік ақыры соңында бізге өзі жетті. Бұл елдің басына қонған үлкен бақ. Бірақ сол бақтың бағасын біліп, Тәуелсіздігіміздің тұғырын бұдан да биіктетуге ұмтылу — біздердің міндеттіміз. Қай ғасырдың адамы болсанда бәрібір сол тыныштықты, бейбітшілікті қалайтынымыз сөзсіз. Бір-бірімен қақтығысып, бір нанды бөлісе алмай отырған басқа елдер туралы жаңалықтардан естісем,  әрбір арайлап атқан танымызға шүкіршілік етемін.

Тәуелсіздік ешқашан ешкімге оңайлықпен келмеген. Бұл жолда жаны құрбан болған жандардың саны қаншама? Ешкімнің сөзіне ермей, кеудесің оққа тосқан, Қазақстанның тәуелсіздігіне зор үлес қосқан ата-баба, аға-әпкелеріміздің жаны бәлкім тыныштық тапқан болар. Олай дейтінім, олардың арманы 1991 жылы 16 — желтоқсанда орындалды. Мемлекетіміз дамыған елдер қатарына қадам басып, шетелдіктерге танылуда. Қазақстан мектептерін бітірген түлектер білімінің мықтылығын дәлелдеп, шетел университеттеріне шақыру алуда. Арнайы шақыру алған түлектердің қай-қайсысы да ертең елге келіп, адал қызмет етеді деп күткен үлкендердің үміті ақталуда.

Шетелде білім алып келген қыздар мен жігіттер Президенттік жастар кадр резервіне іріктелуде. Мектептің кез келген оқушысы үшін бұл үлкен өнеге. Абай атамыз, «Өлеңге әркімнің — ақ бар таласы» — деп айтқандай, әр оқушының арманы болашақта еліне тұтқа болатын азамат болуы үшін сабағын жақсы оқып, мектеп бітірген соң, жолы болса, шетелде білімін жетілдіруге ұмтылатыны рас. Салиқалы саналы ұрпақты тәрбиелеп, болашаққа даярлау – ұстаз бен ата-ананың міндеті болса, алған білімімізді туған Отанымыздың гүлденуі үшін жұмсау — өз қолымызда. Егер көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ болса Тәуелсіздіктің қаншалықты құнды екендігін бағалайды деген сенімдемін. Біздің парызымыз — тарихқа қойнауынан талай сыр шерткен тәуелсіздікті ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп табыстау.

 

 

 

АЛИНА АЖАР,

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы,

«Ш.Тоқжігітов атындағы мектебі» КММ

10 «Б» — сынып оқушыс

Жетекшісі: ДӘРІБАЕВ Дихан Жақсыгелдіұлы

Сурет: z-taraz.kz

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *