«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Білім

Дәстүрлі оқу жүйесінен инновациялық жүйеге көшу неге маңызды?

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

Қазіргі таңда Қазақстан білім жүйесі «ескі қалып пен жаңа заман» арасындағы тартыста тұр. Дәстүрлі оқу жүйесі — мұғалімнің диктанты мен оқушының пассивті қатысуы бүгінгі жаһандану дәуірінің талабына сай келмейді. Жастардың білімге деген ынтасының төмендігі, оқушылардың жеке ерекшеліктерінің ескерілмеуі және мұғалімдердің қағазбастылықпен әлек болуы — жүйені түбегейлі өзгерту қажеттілігін көрсетеді. Инновациялық оқу жүйесінің басты артықшылығы — жауапкершіліктің оқушыға ауысуы.

Дәстүрлі жүйеде «мұғалім нашар түсіндірді» деген сылтау болса, инновациялық модельде оқушы тақырыпты өз бетінше зерттеп, мұғаліммен тек тәжірибе мен қателіктерді түзеу арқылы жұмыс істейді. Академиялық адалдық орын алады. Инновациялық ортада бағалаудың цифрлық құралдармен жүзеге асуы «сүйікті оқушы» ұғымын жойып, компьютерлік мониторинг арқылы әділдікті қамтамасыз етеді. Инновациялық жүйе — бұл Қазақстан үшін ауыл мен қала арасындағы білім дисбалансын жоюдың ең тиімді жолы.

Иә, интернет пен технологияларды барлық ауылға жеткізу уақытты қажет етеді, бірақ бұл — болашақтағы үлкен теңсіздіктің алдын алудың жалғыз жолы. Қазіргі таңда елімізде ғалымдардан гөрі мобилографтардың көп болуы — білім алудың қызықсыз және ескірген тәсілдерінің салдары. Инновациялық жүйе білім алуды қызықты процесске айналдыру арқылы ғылымға құштар жастарды қалыптастырады. Қазіргі оқушылар интернетке тәуелді емес, олар — цифрлық ортаның өкілдері. Инновациялық жүйе баланың интернетке деген қызығушылығын пайдалы білімге бағыттайды. 7 кітапты арқалап жүрудің орнына, 3Д модельдеу арқылы жапырақ құрылымын планшеттен көру әлдеқайда тиімді әрі қызықты. Әр оқушының қарқынына қарай оқыту — талантты баланың дамуын тежемей, әлсіз оқушыға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Білім жүйесін жаңарту — тек қымбат жоба емес, бұл — елдің болашағына салынған инвестиция. Біз ескінің арбасынан арылып, өзіміздің бірегей «Қазақстандық инновациялық білім моделін» қалыптастыруымыз керек.

ДӘУІРХАН  Айнұр,

Алматы облысы, Қарасай ауданы,

«Үшқоңыр орта мектеп – гимназиясының»

 11 «Б»  сынып оқушысы.

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі

Сәйкес жаңалықтар

Сымбатты Әлемнің ең үздік 20 Университеттері жоғары білім алуға шақырды.

farabi shakirti shakirti

Арман картасы: Армандарыңызды шындыққа айналдыратын алғашқы қадам

Үкіметте балалардың қауіпсіздігі мен жазғы демалысын қамтамасыз ету шаралары талқыланды