Ежелден бері кез келген елдің азаматтары алдында желкілдеп өміп келе жатқан ұрпағына, ізбасарларына зор үміт артып, ел ертеңін тапсырамыз деп әр іске баулыған. Сол үрдіс күні бүгінге дейін өз жалғасын жасампаздықпен жалғастырып келеді. Жастарға үлкен жауапкершілік жүктер алдында олардың жандүниесіне ұлттық құндылықтарымыздың нұрын сеуіп, жалын атқан жігерін жанып, патриотизм рухында тәрбиелеуде. Еліміз халқы жаңа қадам жасап, «Әділетті Қазақстан» құруды белсене қолға алып, сол жолда адал, еңбекқор, Отанын шын ниетімен сүйетін, жемқорлықсыз мемлекет орнатуды мақсат еткен жастардың легін көретінін қоғам болып талқылауда.

Мемлекет басшысы да әр сөзінде «Еліміздің болашағы жастардың қолында», — деген сенімін жиі айтады. Біз осы атқа лайық болуға міндеттіміз.

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Қазақстан азаматтарының, әсіресе жастардың еңбекқорлық қағидатын ұстануы маңызды. Сырттан көмек күтудің қажеті жоқ. Қазір заман басқа, яғни маңызды шешімдердің уақыты, серпіліс жасайтын сәт. Жастар болмаса, мұнымен кім айналысады? Қазір Илон Масктың тәжірибесі мен өмірлік ұстанымын үлгі ету үрдіске айналды. Иә, ол отбасымен бірге шалғай провинциядан Америка Құрама Штаттарына келді. Өзінің креативтілігінің, батылдығының, өзіне тән ерекшелігінің арқасында «Илон Маск феноменін» қалыптастыра алды. Мұндай мысалдар өте көп. Жақында Мен Нью-Йоркте Американың жоғары оқу орындарын бітіріп, америкалық компанияларға жұмысқа орналасқан жастарымызбен кездестім. Мен оларға: «Біз сіздерді Қазақстан азаматтары деп білеміз. Сіздер – қазақсыздар. Нью-Йорк немесе Еуропа елдері болсын, әлемнің дамушы елдері болсын, қай жерде жұмыс істесеңіз де, қазақ болып қаласыздар» деп айттым, — деген еді өткен жылы «Жаңа адамдар» қозғалысы жастардың белсенді өкілдерімен кездескенде.

Стасистика агентігінің жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздегіадам санының 4, 5 миллтоннан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз халқымыздың 30 пайызы жастар деген сөз. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастарды бүгіннен бастап тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет. Ең әуелі жастар бойына рухани – адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Елімізде тұңғыш рет  1991 жылдың маусымында алғашқылардың бірі болып «Қазақ ССР-індегі мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң қабылданды.

Жаңа ғасыр жастары еліміздегі экономиканың барлық саласында жалындаған жасындай болып еңбек етуде. Жастар үшін қиын сала жоқ. Жыл сайын жүздеген мектеп бітіруші қалаған мамандығын игеру үшін жоғары оқу орындарының студенті атануда. Қолдарына арнайы диплом алғандары әр салада дана Абай айтқандай, өз кәсібінің тетігін тауып, кірпіш болып қаланып, жемісті еңбек етуде. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қаншама жастың туған ауылын түлетіп, халық санын өз ауылында көбейтуге атсалысуда. Жастар үшін жұмыстың жаманы деген болмайды. Кейбір кәсіби мамандар жаңашылдыққа жаны құмар, ауылға келіп, мүлде жаңа кәсіпті бастап отырғандары да ертеңгі ұрпаққа үлгі.

Еліміз халқының басына ең ауыр күндер түскен сәтте де – қауіп-қатерден қорықпай,  волонтерлік яғни еріктілер тобын құрып, адамдардың жанынан  табылды. Күні бүгінде шырылдап, жанына дауа іздеген жандардың қолдаушысы болып жүрген ерікті жастардың ісіне сүйсінеміз. Өздері емес, өзгенің басындағы қиындықты бөлісуге деген ниеттері қабыл болып, әр ісінің нәтижелі болуына тілектестік білдіресің.

Жастардың жүрген жері – қашанда шаттық пен шапағатқа толы! Солардың қатарында студент жастардың үлесі орасан. Еліміздің ғылымын дамытуға әр жастың қосып келе жатқан үлесі туралы мақтанышпен айтуға тұрарлық. Есімімен елге танылған жастар арасында қаншама мүмкіндігі шектеулі замандастарымыз бар. Олардің ешбірі тағдырына налып, қол құсырып отырғанын көрмейміз. Алға талпынып, білім-ғылымда, спорт пен өнерде, кәсіпкерлік саласында жігерін жанып, олар да толық адам екенін және қолдарынан келетін жаңашылдыққа құлаш ұрған жастар екенін көрсетуде. Әлбетте, олардың осындай қайраты кейінгі балалар мен жасөспірімдерге – өнеге.

Абай Құанабайұлы: «Сүйер ұлың болса сүй, Сүйінерге жарар ол» — философиялық даналығы бүгінгі жастардың қолдауға, ал жастардың өз елінің болашағы үшін аянбай еңбек ету жолын көрсеткені. «Әділетті Қазақстан» құратын жастардың қатарында мен де таңдаған мамандығым журналист ретінде бар күш-жігерімді еліме адал қызмет етуге арнаймын деп сенімді түрде айта аламын. Рухани жетіліп, кемелденген жастар – еліміздің жарқын болашағы!

 

 

 

 

КУСАИНОВА Айдана Мұхитқызы,

«Туран» Университетінің 3- курс студенті.

Алматы

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *