«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Ғибрат

Ешқашан ұмытылмайтын кезең және оны еске түсіретін иіс

📸 Сурет: ЖИ көмегімен жасалынды (Жасанды интеллект).

Жолдаған: автор Менгельс  Арай

Балалық шақ –кейде біз сезген таныс иістердің бірі бірнеше жыл бұрынғы тәтті кезеңге қайта оралғандай күйге түсіреді. Ғылымда бұл құбылыс иіс арқылы естеліктерді жаңғырту деп түсіндіріледі. Адам иісті сезген кезде мұрын қуысындағы арнайы рецепторлар иіс молекулаларын қабылдап, жүйке сигналдарын миға жеткізеді.

Бұл ақпарат мидың иісті өңдейтін аймақтарына, соның ішінде эмоция мен есте сақтауға жауап беретін құрылымдарға таралады. Олардың қатарында гиппокамп пен амигдала ерекше рөл атқарады. Гиппокамп естеліктерді қалыптастыруға және қайта жаңғыртуға қатысса, амигдала сол естеліктермен байланысты эмоцияларды өңдейді.

Сондықтан белгілі бір иіс бұрынғы оқиғаларды ғана емес, сол кездегі сезімдерді де еске түсіреді. Мысалы, жаңа піскен нанның иісі балалық шақтағы әже үйін немесе жаңбырдан кейінгі топырақтың иісі жазғы демалысты еске салады.

Бұл ерекшелік «Пруст феномені» деп аталады. Зерттеулер иіс арқылы оянған естеліктердің адамның өміріндегі ертеректегі оқиғалармен жиі байланысты болатынын көрсетеді. Сонымен қатар мұндай естеліктердің эмоциялық әсері басқа сезім мүшелері арқылы оянған естеліктерге қарағанда күштірек болуы мүмкін.

Демек, иіс сезу қабілеті қоршаған ортаны тану құралы ғана емес, адам өміріндегі өткен сәттерді сақтап, қайта жаңғыртуға қатысатын ерекше жүйе.

МЕНГЕЛЬС  Арай,

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,

Гагарин ауылындағы

«Талғат Бигелдинов атындағы ЖББМ» КММ

11 – сынып оқушысы

Сәйкес жаңалықтар

Қырғызстанда Қазақстан Республикасы Президентінің кітабы таныстырылды

Майлықожаның термесі

БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ МҰРАТБЕК ТОҚТАҒАЗИН «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ